Бердібек Сапарбаев астық жинау барысымен танысты

Жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев астық жинау, 2018 жылға тұқым дайындау барысымен танысып, жергілікті ауылшаруашылығын қалыптастырудың басшыларымен кездесті.

Өңір басшысының шаруалармен кездесуі Хромтау ауданының ең үздік және алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі - «Ақжар-Агро» ЖШС егістігінде өтті.

Бердібек Сапарбаев шаруа қожалықтарының басшыларымен әңгімелесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап бере отыра, алдарына бірқатар тапсырмалар қойды. Солардың негізгісі – астық жинау науқанын уақытында аяқтау.

- Қазіргі таңда жұмыс қарқыны - облыс бойынша жақсы, осылай сақтау қажет. Астықты жедел жинау ғана емес, оны сақтау да маңызды. Сондай-ақ, бүгіннің өзінде сіздер келесі жылдың сапалы тұқымдығын дайындау жағына қамдануларыңыз қажет,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жалпы, осы жылы ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқабы облыс бойынша 656 мың гектарды құрады. Астық жинау науқаны облыстың барлық аудандарында басталып кетті. Ауылшаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша, астық жинауға 1500-ден аса комбайн мен сонша жүк автокөлігі жұмылдырылды. Күзгі далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 10,9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл шаруашылықтардың қажеттілігін толықтай жабады.

Бұдан өзге, облыс әкімі Ақжар ауылындағы МЖС аясында салынып жатқан 50 қабылдауға арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылыс барысымен танысып, сондай-ақ, өсімдік майы мен жемдік күнжара өндіретін жаңа зауыттың тұрғызылатын орнына іргетас қалады.

Зауыт 2018 жылдың жазында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мұнда жылына 15,5 мың тонна күнбағыс майы мен 22 мың тонна жем өндіру ниеттелген. Кәсіпорын өндіріс үшін қажет шикізатты өз бетінше өсіретін болады. Жүз шақты адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жобаны жүзеге асыру мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мүмкін болды. Ақшалай қаражаттың жартысы «ҚазАгро»  ҰБХ АҚ-ның еншілес кәсіпорны арқылы тартылған. Жобаның жалпы құны - 1,2 млрд. теңге.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі