Бердібек Сапарбаев ақтөбелік әскери қызметкердің анасына 8 наурызға естен кетпес сыйлық жасады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің барлық әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады. Облыстың барлық жерінен келген 1 200 қыз-келіншек  кеше «Өнер орталығының» сахнасында 8 наурыз қарсаңында өткен «Мереке күніңмен!» мерекелік шарасына шақырылды.

Өңір басшысы нәзік жандыларға арнап өзінің мерекелік тілектерін арнады.

— Құрметті, сүйікті, әдемі әйелдер қауымы! Біз алдымен бізге өмір сыйлаған аналарымызға, үйдің ұйытқысы болып отырған жан жарымызға қарыздармыз. Мемлекет кішкене отбасыдан құрылады деп бекер айтылмаған. Егер отбасында тәртіп, өзаратүсіністік, жақсы тәрбие, білім, әдептілік пен мәдениет болса, онда мемлекет те дұрыс дамитын болады. Тәуелсіздік алған күннен бастап Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев барлық бағдарламалық құжаттарда, жыл сайынғы Жолдауларында еліміздегі әйелдерге көп көңіл бөледі, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Ол ақтөбелік әйелдер қауымына барлық барлық бастамалар мен идеяларға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

- Бүгінде аз қамтылған халықты қолдауға, бизнесті дамытуға көп істер жасалуда. Және бастамалардың дені әйелдерден, - деп атап өтті облыс әкімі.

Залда отырған нәзік жандылардың барлығы да естелік сыйлықтар алды. Олардың әрқайсысына айбынды жігіттер раушан гүлдерін ұсынды.

Кеше Қазақстанның оңтүстігінде әскери міндетін өтеп жатқан ақтөбелік жігіт Руслан Қияқбаевтың құттықтау хаты көңілді босатты. Ол «Анаға хат» акциясы аясында анасына хат жазып, оны жүргізуші көрермендердің қошеметімен оқып шыққан болатын.

Залда сарбаздың анасы отырған болып шықты. Көңілі босап орнынан тұрған ананың жанына кенеттен ұлы барды. Оны облыс әкімінің өтінішімен Алматыдан бірнеше күнге іссапарға жіберген. Сахнадан түскен жас жігіт анасын құшақтап, оған гүл шоқтарын тарту етті. Мерекені ұйымдастырушылар осындай жағымды әрі естен кетпес тосын сый дайындаған болатын!

Шара жергілікті шығармашылық ұжымдар, сонымен қатар Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина мен Аллаберген Жақсыбаев сынды шақырылған өнер жұлдыздары қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі