Бердібек Сапарбаев: Ақтөбе облысының экономикасы биыл тұрақты өсімді көрсетуде

19 шілде, бейсенбі күні Ақтөбе облысы активінің отырысында өңірдің биылғы жарты жылдық ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды. Отырыс жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапабаев, ҚР Парламенті мәжілісінің, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутатары, барлық деңгейдегі әкімдер, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, кәсіпкерлер және т.б. қатысты.

Есептік кезең ішінде Ақтөбе облысы қарышты дамуын жалғастырды. Елбасының, ҚР Үкіметінің қолдауы арқасында мемлекет басшысының экономиканың 5 пайыздық өсімініе қол жеткізу тапсырмасы орындалды. Облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың баяндамасына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,1%, ауыл шаруашылығы - 4,7%, құрылыс - 8,8% құрады. 276 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы осындай кезеңнен 13,9% көп. Әрекет етуші ШОБ субъектілері 5,6% көбейді. 9,6 мың жұмыс орны құрылды. Негізгі капиталға түсетін инвестиция көлемі 190 млрд теңгені құрап, 10,6% өсті.

- Біз Президент тапсырмасын толықтай орындадық. Бүгінде барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғыдан жоғары. Қолда бар қорлар мен әлеуетті ескере отыра жыл соңына дейін осы қарқынды сақтаймыз деп сенемін, - деді облыс әкімі.

Жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің кем дегенде 2,5 триллион теңге деңгейіндегі оң динамикасы күтілуде. Бұдан басқа, осы жылы өңір экономикасына бюджет қаражатынан тыс 32 млрд. теңге (2017 ж. – 29 млрд. теңге) тарту, жалпы сомасы 56 миллиард теңгеге мемлекеттік-жеке әріптестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің 128 жобасын жүзеге асыру жоспарда бар.

Облыс әкімі қол астындағыларды өңірдің соңғы алты ай ішіндегі дамуының талдауына сүйене отыра қатемен жұмыс жүргізуге шақырды. Атап айтқанда, сынға мемлекеттік-жеке әріптестік пен ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланбайтын ауыл әкімдері ұшырады.

- Өткен жылдың соңында біз жұмыстың тиімділігін көтеру қажеттігін айтқан болатынбыз. Өкінішке қарай, бұдан бәрі бірдей дұрыс нәтиже шығарған жоқ. Мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істемейтін ауылдық округ әкімдерінің атқаратын қызметтеріне сәйкестігін қарастыру керек, - деп тапсырды өңір басшысы.

Отырыс кезінде экономиканың әрі қарайғы резервтеріне басымдық берілді. Олардың қатарында әрекет етуші кәсіпорындарды барынша жүктеу және жаңғырту, бос кен орындарының әлеуетін пайдалану, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларын, фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, шикізаттың қайта өңделуін қамтамасыз ету, бизнес жағдайын одан әрі жақсарту, құрылыста заманауи энергия үнемдеуіш технологияларды қолдану, облыстың экспорттық әлеуетін көтеру және т.б. бар.

Отырысты түйіндеген облыс әкімі азаматтық қоғамды мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру үшін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

- Бүгінде әрі қарай даму үшін барлық жағдай бар. Мемлекет тарапынан қолдау бар, қаржыландыру жағынан проблемалық сұрақтар жоқ. Біз тек орнымызда отырып тиімді жұмыс істеулеріміз керек. Әрбір басшы алдарына қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізілуін үнемі қадағалап отыру керек. Әрине, экономика өсімі қоғамдық келісімсіз мүмкін емес. Сондықтан, билік пен азаматтық қоғам мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін күш біріктірулері тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі