Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар нысандардың құрылысымен танысты

26 ақпан дүйсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі жаңа әлеуметтік және спорттық нысандардың құрылысы барысымен танысты.

Сонымен қатар, аймақ басшысы 300 орынға арналған оқу корпусының құрылысы басталған «Әсем» балалар сауықтыру лагерінде болды. Сәулетшілердің айтуы бойынша, ғимараттың құрылысы бірнеше кітап түрінде жасалынады. Демалыс аймағы 13 гектар аумақта орналасқан. Лагерьде балалар оқу процесін тоқтатпай-ақ демалып, өмір сүре алады.

Облыс әкімі Батыс-2 ықшам ауданындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының және 2500 орынға арналған Мұз айдыны сарайы құрылысының барысымен танысты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала әкімдігіне және жауапты мемлекеттік органдарға жоспарланған нысандардың құрылысын бекітілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі