Бердібек Сапарбаев: Бірде бір бала назардан тыс, қолдаусыз қалмайды

Ақтөбе облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бақытты бала» ауқымды жобасы балалардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдайларды жасауға бағытталып отыр.

Мерекелік шараға өңір басшысы Б.Сапарбаев қатысты.     

- Барлық балалар бақытты болуы керек. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында Елбасының басшылығымен бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Біз, ересектер балаларымыздың жүздерінен күлкі кетпейтін сәттерді, денсаулығын сақтауға, спортты, мәдениетті, өнерді игеруге, лайықты білім алуға мүмкіндік беретін барлық жағдайларды жасауға міндеттіміз. Сондықтан 2018 жылы Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды, - деді облыс әкімі.

- Әрбір бала назардан тыс қалмауды, тәрбие алуды және қамқорлықты қажет етеді. Осы жобамен біз барлық елді мекендерді қамтитын боламыз, біздің аймағымыздың бірде-бір баласы назардан тыс қалмауы тиіс», - деді облыс басшысы.  

«Нұр Ақтөбе» тұрғын үй кешеніндегі үйден балалар үйінің 3 түлегіне пәтер кілттерін табыс еткен облыс әкімі «Бірінші кезекте, биліктің барлық қолдауы мүгедек балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға бағытталатын болады», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев

Әсерлі сәттердің алғашқы куәгері Алға балалар үйінің түлегі Лариса Захарова пәтер иелерінің бірі болды.

- «Мен өте бақыттымын. Осы сәтті біз 10 жылдан астам күттік. Мемлекеттің қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар туралы ұмытпағаны қуантады», - деп алған әсерімен бөлісті.

Мерекелік іс-шара 19 жетім баланың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы бірінші жарнасына қолма-қол ақша салу куәліктерінің тұсаукесерімен жалғасты. Бұл пәтерлерге жергілікті кәсіпкерлер мен еңбек ұжымдары қаржы салып, көмектеседі. Ақтөбеде тұрғын үйге мұқтаж 372 бала бар, олардың 258-не демеушілік көмек көрсету бекітілді.

Іс-шара мерекелік концертпен және аспанға әуе шарларын ұшырумен аяқталды.

«Бақытты бала» жобасы 8 блоктан тұрады. Оны жүзеге асыруға ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, қайырымдылық қорлары, халықаралық қоғамдық ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсетеді.

Жоба шеңберінде барлық балабақшалар мен мектептерді интерактивті жабдықпен жабдықтау жоспарланып отыр. Облыстық перинаталды орталық, балалар стоматологиялық клиникасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығы, жыл бойы оқу-жаттығу лагерлері, сондай-ақ 160 балалар мен 100 спорт алаңдары және тағы басқа көптеген білім беру және денсаулық сақтау нысандары салынады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жан-жақты қолдауға ерекше назар аударылатын болады. 77 бала демеушілер көмегімен мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен баспанаға ие болады. Балалар үйінің тағы 200 тәрбиеленушісі ШОБ субъектілерінен және мемлекеттік органдардан қажетті көмек алады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі