Бердібек Сапарбаев: жалақыны кешіктірген басшыларды ақтаудың қажеті жоқ

5 наурыз, дүйсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.

Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, аумақтық және облыстық мекемелердің басшылары қатысты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұлов «Экономикалық өсімді индустрияландыру» атты үшінші бағытты іске асыру туралы баяндама жасап, Ұлт жоспарының 35-ші, 36-шы қадамдарының орындалуы барысында аймақтағы мақсатты түрде пайдаланылмайтын жерлерді анықтау үшін жұмыс топтары құрылғанын айтып өтті.

- 2016-2017 жылдары жұмыс тобы ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген ауылшаруашылық бағытындағы пайдаланылмаған жерлердің 748 мың гектарын анықтады, - деді ол.

38 және 39 қадамдарды орындау үшін «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі (кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі) енгізілді. 2017 жылы камералық бақылау жүргізіліп, оның нәтижесінде бюджетке қосымша 96,1 млн. теңге түсті.

- Бүгінде «Ақтөбе Инвест-2017» шеңберінде қол қойылған меморандумдар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Бейжің қаласында жасалған жобалар толық көлемде жүзеге асырылмайды, - деді Олжас Смағұлов. - Жобалық қуаттылығы жылына 180 мың адамды қабылдайтын аквапаркпы бар ойын-сауық кешені мен құны 4,6 млрд. теңге тұратын «Шератон» мейманханасының құрылысы кешіктіріліп жүзеге асуда. Бүгінгі таңда сүт кластерінде тек қана жергілікті «Айс» ЖШС компаниясы жұмыс істейді. Бүгінгі күні ет өндіру және қайта өңдеу саласында «Ақтеп» ЖШС базасында құрылған Ақтөбе ет кластері белсенді рөл атқарады. Сондықтан ет өндіру және өңдеу саласында жаңа әрі шетелдік инвесторлар жоқ.

- Біз аймаққа ірі трансұлттық компанияларды тартуды жоспарлап отырмыз, әрі бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады - деп облыс әкімі өз пікірін білдірді. Көліктік-логистикалық мәселесін шешуде жұмысты жандандыру қажет. Электрмен жабдықтау бойынша жұмысымыз артта қалды, иесіз электр желілері мәселесі шешілмеген. Сондай-ақ, үш тілді оқытуды енгізу бойынша жұмыстарды күшейту қажет.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Қайыржан Тоқышев және ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова баяндама жасады

Білім беру саласындағы проблемалық сұрақтардың шешілуі жайында жауапты басқарманың басшысы Ләззат Оразбаева баяндады. Атап айтқанда, ол бұдан бұрынғы қордаланған мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің еңбекақылары бойынша қарыздың толықтай шешілгеніне сендірді.

- Олай болған жағдайда басшылардың ақталуға еш негіздері жоқ,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев. – Еңбекақының кешеуілдеуін ақша жоқ болған жағдайда дәлелді себеп деуге болар еді, алайда ақша бар және ол жұмысшыларға уақытында төленуі тиіс!

Осыған байланысты облыс әкімі мемлекеттік органдар басшыларына жеке жауапкершілік жайында еске салып, мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуді тапсырды.

Қаланың алдында тұрған міндеттері, проблемалары мен олардың шешімдері туралы қала әкімі Ілияс Испанов баяндап, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларын дамыту жайында хабарлады. Сонымен қатар, ол Ақтөбелік тұрғындар алдында тұрған бірқатар проблемаларға тоқталды. Қоғамдық көлік жұмысы туралы айтқан өңір басшысы оның қалалықтар тарапынан жиі сынға ұшырайтынын да атап өтті. Бұл қозғалыс кестесінің бұзылуына, көлік жүргізушілері мен кондукторлардың дөрекілігіне, автобус салондарының лас болуы мен күтім жасалмағандығына және т.б. қатысты.

- Бізге жеке тасымалдаушылардың қызметіне араласу оңай емес, бірақ біз жолаушыларды тасымалдау,  оның ішінде жаңа заманауи техниканы сатып алу жағын тиісті түрде жөнге салуды үнемі талап етеміз, - деді қала әкімі.

Жер мәселесіне қатысты сөйлеген қала әкімі өткен жылдың басынан бері жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 мыңнан аса жер телімін бергендігі туралы мәлімдеді. 2018-2019 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін шамамен 18 мың жер телімін беру көзделген.

- Біздің қаламыз Батыс Қазақстандағы ең ірі қалалардың бірі болып табылады және ол өзінің мәртебесіне толық сәйкес келуі керек. Қала үшін ең маызды сұрақтар – өндіріс, ШОБ мәселесі, цифрландыру және басқалар. Олардың әрқайсысына назар аудару керек,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Бұдан басқа, жиын барысында атқарушылық тәртіп сұрақтары қаралды. Аталмыш сұрақ бойынша ақпаратты облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауов баяндады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі