Бердібек Сапарбаев жанар-жағар май мен көмірдің бағасын реттеуді тапсырды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев төрағалығық еткен кеңесте Ақтөбе облысының елді мекендерін мұнай өнімдері және көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдарға инженерлік коммуникацияларды тарту бойынша жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қысқы кезеңге қазіргі дайындық барысы туралы баяндады.

Оның мәліметінше, облыстың барлық әлеуметтік нысандары көмірмен толықтай қамтамасыз етілген және қорға 38,5 мың тонна көмір сақталған. Халықтың көмірге сұранысы 49 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 13 мың тонна көмір жеткізіліп болды, жақын арада тағы да 41 вагон әкелінуі тиіс. Аймақта қатты отынды өткізумен айналысатын 12 теміржол тұйығы бар.

Облыс әкімінің орынбасары халықтың отынды ауа райы суыта бастағанда ғана ала бастайтынын алға тартты. Осыған байланысты аудандар мен ауылдық округ әкімдіктеріне отын қорын толықтыру үшін көмірді алдын-ала сатып алу мәселелерін қарастыруға нұсқау берілді.

«Біз «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және көмір шахталарымен бірігіп жұмыс жасап жатырмыз. Өңірдің аталмыш отынға сұранысын толығымен қамтамасыз ету үшін вагондардың қайсысы жолда, қайсысы жөнелтілуде екенін бақылап отырамыз», - деп сендірді С.Төленбергенов.

Есептеу бойынша Ақтөбе облысы бойынша АИ-92 бензиніне жылына 150 мың тонна, дизель отынына - 83,8 мың тонна сұраныс бар. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі отандық мұнай өңдеу зауыттарынан мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы кестесін бекітеді. Қазан айында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 9,6 мың тонна АИ-92, 17 мың тонна дизель отыны бөлінген. Облыстағы мұнай өнімдерінің 30% -ы Ресейден импортталады

С.Төленбергеновтың айтуынша, мұнай өнімдері нарығында мұнай өнімдерінің бөлшек сатылымы 114 жанар-жағар май құю бекеттерінде, соның ішінде Ақтөбе қаласында 63 бекетте жүргізіледі. AИ-80 бензинінің орташа бағасы 89 тг /л, AИ-92/93 - 157 тг / л, дизельдік (жазғы) отын - 153 тг / л. құрады.

«Бүгінгі күні жанар-жағар май бекеттері мен мұнай қоймаларында АИ-92-нің 28 күндік, яғни 11,6 мың тонна, дизель отынының - 50 күнге жететін, яғни 11,7 мың тонна қоры бар. Жанар-жағар майдың бұл қоры аймақтың сұранысын тұтастай қамтамасыз етуге жетеді», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысында үстіміздегі айда 95 газ құю бекеті арқылы сатуға 8200 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Облыста газ жабдықтары бар 36 мыңнан астам көлік тіркелген. Сұйытылған газ белгіленген бағамен Ақтөбеде 49 тг / л, өңірлерде 51 тг / л сатылуда.

Өңір басшысы жанар-жағар май мен көмірге баға қою мәселелеріне назар аударды.

«Бензин мен дизель отыны бағасының белгіленуін тексеру қажет. Неліктен кейбір жанар-жағар май бекеттерінде бағалар басқаларға қарағанда жоғары? Отынды бір мұнай өңдеу зауыттан алады, шығындары бірдей, бірақ бағаларында айтарлықтай айырмашылық бар. Күнделікті бақылау қажет. Бұл көмір мәселесіне де қатысты. Біз көмір жеткізушілердің жұмысын тексердік. Ешқандай база, қойма жоқ, электрондық дерекқор болуы тиіс, алайда қарапайым есепке алу жұмыстары жүргізілмейді. Барлығы талаптарға сай жұмыс істеуге тиіс», - деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Дастан Аманов газдандыру, сумен және электрмен жабдықтау мәселелері туралы әңгімеледі.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне 2018-2019 жылдарға арналған 32 газбен жабдықтау жобаларына жалпы сомасы 8,5 млрд. теңгеге өтінімдер берілді, бұларды іске асыру 11 мың адамнан тұратын 19 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, 1,3 млрд теңгенің 7 жобасы ғана қолдау тауып отыр. Мәселен, Мұғалжар ауданының Басшилі , Хромтау ауданының Жазық елді мекендеріне тасымалдаушы және ауылішілік газ құбырлары салынатын болады, ал Ырғыз ауданының Жаныс би ауылында Газ таpату станциялаpы мен ауылішілік газ құбырлары құрылады. Байғанин ауданының үш елді мекенінде тасымалдаушы және ауылішілік газ құбырлары, т.б. салынатын болады.

Сонымен қатар, облыста сумен жабдықтау желілерінің 36% ескіру мәселесі де бар. Бұның шешімі ретінде сумен жабдықтау желілерінің құрылысы мен жаңартылуы үшін жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттерден, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан қаражат бөлінеді. 2015 жылдан бастап коммуналдық кәсіпорындар халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласындағы су тарту, сумен жабдықтау желілерін жаңғырту жобасы бойынша «Ақбұлақ» АҚ және Европалық қайта құру және даму банкі арасында жалпы құны 2 млрд. тг несиелік келісімге қол қойылды .

Бұдан басқа, кездесу барысында облыстың әлеуметтік және өндірістік нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті басшысы Абай Байжомартовтың айтуынша, облыста 15 мыңға жуық зиянды өндірістік нысандар, оның ішінде 2415 қауіпті техникалық құрылғылар бар.

Ведомство облыстың қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын 346 кәсіпорынға, оның ішінде 287-і жоғары дәрежедегі қаупі бар, 59-жоғары дәрежедегі қауіпке жатпайтын, 49-тау-кен өндірісі саласына, жеті металлургиялық, 28-жарылғыш жұмыстармен айналысатын, 29 геологиялық барлау, 25 мұнай-газ өнеркәсібі саласына, магистралды құбырлар желісімен көмірсутегі шикізатын тасымалдайтын тоғыз өнеркәсіп, 20 мұнай-химия және мұнай өңдеу кәсіпорындарына мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүргізеді.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында 303 кәсіпорынның 1062 нысаны тексерілді, оның 40-ы арнайы тәртіптік, 56-сы жоспардан тыс және 207 бақылау-қадағалаудың басқа түрлеріне жатады. Тексерулердің нәтижесінде өндірістік қауіпсіздік нормаларының бұзылуының 1317түрі анықталды, 72 айыппұл салынды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін заңмен белгіленген тәртіпте 52 нысанның жұмысы тоқтатылды.

Кездесуді қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында жарақаттануды азайту бойынша алдын-алу шараларын күшейтуді, сондай-ақ облыстың тұрғындарын газ, су және электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі