Бердібек Сапарбаев жер қойнауын пайдаланушылардан келісімшарттық міндеттерін орындауларын талап етті

Ақтөбе облысының әкімдігінде энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшылары мен өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуымен өткен жиналыста келісімшарттық міндеттердің мемлекет басшысының тапсырмасы аясында орындалуы қаралды.

Энергетика министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігімен арададағы келісімге сәйкес, өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттерін орындауларына қатысты көшпелі жиналыс Ақтөбе қаласында әрбір жарты жылдық сайын өтеді. 2016 жылы өткізілген жиналыстардың нәтижесінің бірі қатты пайдалы қазбалар бойынша бірнеше келісімшартты бұзу және көмірсутек шикізаты бойынша келісімшартты бұзуға төрт ескерту хабарламасын жіберу болды.

Қолданылып жатқан шараларға қарамастан кейбір жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттеріне мән бер бермей келеді. Атап айтқанда, бүгінде өңірде тіркелген қатты пайдалы қазбалар өндіретін 19 жер қойнауын пайдаланушының алтауы міндеттерін 30%-дан төмен орындап отыр. Сондай-ақ, көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын  30 жер қойнауын пайдаланушының тоғызы міндеттерін 30-50%-дан төмен орындап отыр.

- Аутсайдерлердің қатарында жыл сайын сол баяғы компаниялар болып отыр. Осыған байланысты өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында тиісті министрліктердің басшылығынан соңғы үш жылда өз міндеттерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарын бұзу бойынша шараларды қолдануды, сонымен қатар,  бұдан бұрын бұзылған келісімшарттар бойынша инвесторларды іздеуге қолғабыс етуін сұраймын. Жер қойнауы өңір экономикасына, халықтың игілігі үшін  жұмыс жасауы қажет,-деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мемлекеттің жер қойнауын пайдаланушыларға әрқашан үлкен қолдау көрсеткенін және соған сәйкес қайтарымын күтетінін атап өтті.

- Біз министрлік тарапынан, былайша айтқанда, тек бақылау, жазалау қызметтерін ғана атқарып қоймаймыз, біз дүниежүзілік көмек те көрсетеміз. Мәселен, Ақтөбе облысындағы компаниялардың бір бөлігі пайдалы қазбаларды өндіру салықтары бойынша жеңілдіктер алды. Энергетика министрлігінің жанында компания шығынға ұшыраған жағдайда оған қолдау көрсетіп, салық мөлшерін төмендететін арнайы комиссия бар. Облыстың қолда бар әлеуеті жүзеге асырылуы үшін, біз, әрине, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан келісімшарттық міндеттер мен кен орындарын игеруге  кететін инвестицияларды  сәйкесінше орындауларын күтеміз,-деп түсіндірді вице-министр.

Жиналыс аясында сондай-ақ, жер қойнауын пайдалануға, соның ішінде кен орындарын іздеу, барлау және игеру сұрақтарында жаңа технологияларды тарту жағы талқыланды.

- Жаңа техникаларды, технологияларды қолданудың маңызы зор.  Бүгінде облыс аумағында орналасқан кейбір компаниялардың жаңа технологияларды қолданатынан және өндіру өсімінің барын білемін. Әрине, ол үшін ғылыми тұрғыдан да қараған жөн, кен орнын мұқият зерттеп, неғұрлым жақсы нәтиже алу үшін бүгінде мұнай-газ саласында бар көптеген әдіс-тәсілдерді зерттеу қажет. Егер біз геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізе алмасақ, жаңа кен орындарын ашып, жаңа ресурстарды иеленбесек саланы осы технологиялармен көтеру мүмкін емес. Өкінішке қарай, геологиялық барлау жұмыстары жайбарақат жүруде, әзірге тиімсіз. Бұған қоса, біздер геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді республика алдында міндетіне алып, бүгінде өз міндеттерін орындамай жүрген ондаған жер қойнауын пайдаланушыларды көріп тұрмыз. Шын мәнінде, мұның артында жер қойнауын пайдаланушылармен шешілмей жүрген үлкен мемлекеттік тапсырма тұр,-деп белгіледі «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин.

Жиынды түйіндеген Бердібек Сапарбаев облыс әкімдігінің энергетика министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық міндеттердің жалпы көлеміндегі, инвестициялау және өндіру, геологиялық барлау, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына  аударым жасаудағы және тағы да басқа келісімшарттық міндеттерін орындау сұрақтарын әрі қарай да қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі