Бердібек Сапарбаев: компания басшылары өндірісті жаңғыртулары қажет

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың есебін тыңдауды жалғастыруда

Өңірдегі өнеркәсіп саласындағы міндеттерді жүзеге асыру қорытындылары, бизнестің, мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің дамуы мәселесін қараған жиын «Стройдеталь» кәсіпорнында өтті.

- Өткен жылы біз сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде көптеген жобаларды жүзеге асырып, Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық көрсетікштерге қол жеткізу бойынша тапсырмаларын артығымен орындауға мүмкіндік алдық,- деді облыс әкімі өңірдегі компаниялар мен кәсіпорындардың басшыларына арнаған сөзінде. – Өнеркәсіп өндірісі көлемі 1 трлн 200 млрд теңгені құрады. Бұл - дағдарыс кезінде жаман көрсеткіш емес. Осы жылы да қарқынды баяулатпай, әлемдік экономиканың тұрақтылығын ескере отыра жұмыс жасап, 2016 жылғы көрсеткіштен төмендемеуіміз қажет. Біздің ендігі жұмысымыз Президенттің халыққа жолғана кезекті Жолдауындағы нұсқаулары мен тапсырмаларын орындауға бағытталуы керек. Ол үшін бізде мүмкіндік мол, мәселен: мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасап жатыр, өндірісті, өнімді, субсидиялауды мемлекеттік қолдау шаралары бар.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың айтуынша, әлемдік экономиканың құлдырауы мен облыстағы негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуіне қарамастан, соңғы үш жылда өңірдегі өнеркәсіптік өндіріс саласының өсімі - серпінді.

- Еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің өсім көрсеткіші бойынша облысымыз соңғы 22 жылда бірінші орынға ие болды. Өсім 115,8%, яғни 355 млрд теңгені құрады. Барлық ірі кәсіпорындармен толық емес вагондарды жеткізу, желідегі апаттық жағдайлар, әкімшілік кедергілерді шешу және болдырмау сияқты проблемалық мәселелерді анықтап, шешіп, пысықтаудың нәтижесінде, яғни «қарындашпен қолмен басқаруға» мерзімінде өтудің арқасында осындай жетістіктерге жеттік,-деді Қ.Бекенов.

Өңдеуші өнеркәсіптің өндіріс өнімінің өсімі нақты көлемінің индексі 92,7%, яғни 747 млрд теңгені құрап, мұнай өңдеу және тау-кен өнеркәсібінің төмен көрсеткіштерін толықтай жапты. Мұнда негізі әлемдік бағаның төмендеуі мен кен орындарының таусылуына әкеп соққан мұнай өңдеу көлемінің 9%, яғни 607 мың тоннаға төмендеуі, және өзге де технологиялық сипаттағы бірқатар себептер әсер етті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша инвестиция 374 млрд. теңгені, оның ішінде өнеркәсіптік бағытта 208,7 млрд теңгені құрап, өсімі біршама жоғарылаған.

 

Облыс әкімінің орынбасары өңірдің осы жылы алдына қойған мақсаты – экономиканы көтеру үшін геологиялық барлауды дамытудың есебінен қор көздерін іздестіру екендігін айтты. 2016 жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 688 млрд теңге бөлінсе, 2017 жылы шетелдік инвестицияны санамағанда 1,7 млрд-тан астам теңге бөлініп қойды. Қазақстандық мазмұндағы

тауарлар мен қызметтерді көбейту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жаңа және жобалық қуаттарын енгізу, экономиканы әртараптандыру мен жаңа қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларды іздестіру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

2017 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,3 трлн. теңгеге дейін өседі деп күтілуде және өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын жалғастыру, сонымен қатар 380 млрд. теңгеден кем емес инвестицияны, оның 200,6 млрд теңгесін өнеркәсіпке тартып, игеру жоспарлануда.

- Бүгінде көптеген кәсіпорындар, өкінішке қарай көне технологияларды пайдаланып, сондай-ақ ескі құрал-жабдықтармен жұмыс жасайды. Сондықтан, өнімнің өзіндік құны жоғары, сұраныс аз. Ағымдағы жылы біз Президенттің экономиканы жаңғырту, жаңалық енгізу бойынша тапсырмасын орындауға күш салуымыз қажет. Негізінде, облыс экономикасы тау-кен, металлургия мен мұнай-газ секторына негізделген. Біз өзге салаларды да дамытып, инвестиция тарту, импортты төмендету, сонымен қатар экспортты жоғарылату жұмыстарын жандандыруымыз тиіс.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі