Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады

Кездесу барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Президентіне 2016 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді, сондай-ақ ағымдағы жылдың жоспарлары туралы мәлімдеді.

- Ел басшылығының, ҚР Үкіметінің қолдауы нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының жұмыссыздықтың өсуіне және облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындады. Тұтастай алғанда, біз облыстың барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша өсудің оң өозғалысын қамтамасыз ете алдық. Өңірдің экономикасының өсуі 102% деңгейінде болады деп күтілуде. 16 мың жаңа жұмыс орындары құрылымдалды, бұл жұмыссыздықты 4,8% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді, - деп хабарлады облыс әкімі.

Нақты көлем индексі өсімі өңдеуші өнеркәсіпте 115,8%, ауыл шаруашылығында - 108,7%, инвестиция тартуда - 101,3%, бөлшек тауар айналымында - 101,2% құрады, ал жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері саны 101,5%-ға ұлғайды. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 616 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 15%-ға артық.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңір басшылығы Ислам даму банкі, Еуропа даму және қайта құрылымдау банкі — халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп 12,7 млрд.тг. сомасына 19500 га суландыру және 25 000 га жайылма суару жерлерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев 28 млрд теңге инвестиция көлемімен МЖС 38 жобасын белсенді жүзеге асыру туралы хабардар етті, бұл жобалар ауқымында мыналар бар: 5,5 млрд.тг. сомасына түріктік инвесторлармен бірлесіп жедел және шұғыл медициналық жәрдем қалалық станциясы, 2,9 млрд.тг. тұратын офтальмологиялық аурухана, 616 млн.тг. тұратын қалалық балалар стоматологиялық емханасы, 3,5 млрд.тг. тұратын Мұз сарайы және басқалары.

Бұлардан басқа, ағымдағы жылы бюджеттен тыс инвестициялар есебінен 54 мектепке дейінгі балалар мекемелері құрылысы салынады деп күтілуде.

Апатты мектептердің проблемасы ағымдағы жылы, үш ауысымды оқыту мәселесі 2019 жылға, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі балалар мекемесімен 100%-ға қамту 2018 жылға шешілмекші.

Ағымдағы жылы ғана 23 мектептің, 65 балалар бақшасының (54-і — бюджеттен тыс қаржы есебінен) құрылысы қарастырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысына облыстың бірқатар қанатқақты жобаларының табысты жүзеге асырылуы туралы баяндалды, олар: медициналық кластер құру, аймақаралық кооперация, "Селодағы жұмыспен қамту", "Бастау" және басқалары.

Облыста тұрақты діни ауалды қамтамасыз етуге бағытталған "ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" жобасын жүзеге асыру туралы жеке баяндалды.

Ақтөбе облысының әкімі Нұрсұлтан Назарбаевты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы Мемлекет басшысы белгілеген міндеттер мен мақсаттарды аймақ тұрғындарының жаппай қолдауы туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеу, өнеркәсіпті дамыту және облыстың инвестициялық тартымдылығын көтеру бойынша міндеттерді орындауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі