Бердібек Сапарбаев Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.

Кездесуге Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Сергей Симонов пен Дания Еспаева қатысты. Олар Ақтөбе облысына ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласының, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылу барысымен танысуға, бірқатар өндірістік нысандарды аралап, халықпен кездесуге келген.

Өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2017 жылы қол жеткізген жетістіктері жайында айтып берді.

- Алдын ала мәліметтер бойынша экономика өсімі кем дегенде бес пайызды құрайтын болады. Барлық экономикалық көрсеткіштер өткен жылдағыдан жоғары және орташа республикалықтан төмен емес. Инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда-саттық пен экономиканың өзге де салалары айтарлықтай өскен,-деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Өңір экономикасына, 430 млрд.-тан астам теңге тартылды. Агроөнеркәсіптік кешен саласында түсім рекордтық көрсеткішке жеткен, яғни гектарына 13,2 центнер. 780 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 6200 отбасы қоныстойын тойлады. Бұған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асырудың арқасында қол жетті.

Кездесу кезінде облыс әкімі мен Парламенттің төменгі палата депутаттары қоғамдық сананы жаңғыртуға, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі