Бердібек Сапарбаев мәртөктіктерді ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті белсенді түрде дамытуға шақырды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінің тұрғындармен есептік кездесулеріне қатысуын жалғастыруда. 1 ақпан, бейсенбі күні Мәртөк ауданының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылнып, 2018 жылғы міндеттері анықталды.

Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов өткен жылы аудандағы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақты болғанын, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың қамтамасыз етілгенін  мәлімдеді.

Ауданда тұрақты түрде тоғыз кәсіпорын жұмыс жасап тұр. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5 млрд.-тан астам теңгені (100,4%) құрады.4,9 млрд-тан астам теңге инвестиция тартылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 8,4% көбірек.

Құрылыс секторы да 5% өскен: жұмыс 2,45 млрд. теңгеге орындалып, 16,8 мыңнан аса шаршы метр тұрғын үй салынды. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен жекеменшік инвестициялардың арқасында екі мектеп, төрт балабақша, үш спорт ғимараттары мен дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 19,25 млрд.-тан астам теңгені (104%) құрады. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» және «Ырыс» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жоспарлар орындалды.

Баяндаманы тыңдап шыққан Бердібек Сапарбаев ауданда ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеттің толық пайдаланылмағанын, мемлекеттік бағдарламаларға тек Аққұдық, Мәртөк, Жайсаң және Тәңірберген ауылдық округтерінің ғана қатысқанын атап өтті. Қалған округтердің қатысу деңгейі төмен.

«Мәртөк ауданында қайта өңдеуді жүргізу маңызды. Сіздердегі жалғыз сүт цехының 30-40% іске қосылғаны жаман. Неліктен біз кооперативтер құрдық, олар үшін сүт тасымалдаушылар сатып алдық, сүт қабылдау пункттерін құрдық? Егер өңдеуді дамыта алмасақ, ауыл шаруашылығында көп қаражат болмайды», - деді ауданның барлық тұрғындарын ауылдың дамуына белсене қатысуға, өз әл-ауқатын жақсартуға және еңбектенуге шақырған Бердібек Сапарбаев. Атап айтқанда, тұрғындар су, газ, ауыл шаруашылығын қолдау шаралары және т.б. туралы білгілері келді.

Облыс әкімі жиынды қорытындылай келе, Мәртөк ауданының басшылығына кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын, өнеркәсіптің барлық түрлерін, жол бойындағы қызметті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындар арасында түсіндіруді күшейтуді тапсырды.


 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі