Бердібек Сапарбаев пен БҰҰДБ Тұрақты өкілі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісімен, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимас Шимомурумен кездесті.

Кездесуді ашқан өңір басшысы мейманға облысқа келгені үшін және өңірдің дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

- 2018 жыл Қазақстан мен БҰҰДБ үшін айтулы жыл болды. Өйткені БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы қызметінің басталғанына 25 жыл толады. Осы уақыттың ішінде ұйым елімізде, атап айтқанда Ақтөбе облысында көп жұмыстар атқарды. Біз ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз,-деді Бердібек Сапарбаев сұхбаттасушысына.

Өңір басшысы қалалық инфрақұрылымда төмен көміртекті жобаларды, сонымен қатар Қарғалы су қоймасын реконструкциялау, Шалқар өзенін құтқару, ауыл шаруашылығындағы жасыл технологияны дамыту жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруды ұсынды.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев БҰҰДБ-ның тұрақты өкіліне «Бақытты бала» жобасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Осы жылдың сәуір айында Ұйымның тікелей қатысуымен «Ақтөбе! Бірге – Жарқынырақ!» эко фестивалі өткен болатын. Облыс әкімі сонымен қатар, Шимомуру мырзаны 1 маусымда өтетін балалардың халықаралық фестиваліне қатысуға шақырды.

- Мен үшін Ақтөбе - ерекше орын, Қазақстанға келген жұмыс сапарымдағы бірінші қала, сіз мені қабылдаған бірінші әкімсіз. Мен                 1-маусымда қайтадан келіп, фестивальға қатысатыныма қуаныштымын. Бұрын телефон арқылы әңгімелескенде Сіз мені осы іс-шараға шақырған болатынсыз. Мен мұны күнтізбеме белгілеп қойдым. Сіз ұсынған жобаларға келер болсақ, олар қызықты әрі назар аударуға тұрады. БҰҰ даму бағдарламасының оларға қалай қатыса алатыны туралы ойлануымыз керек, - деді БҰҰДБ Тұрақты өкілі.

Өздеріңіз білетіндей, 2016 жылдың наурыз айында Бердібек Сапарбаев пен Норимас Шимомура арасындағы алғашқы кездесуден кейін Ақтөбе облысында БҰҰДБ-мен бірлесіп, бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылды. Олардың ішінде Ақтөбе су қоймасын 147,4 млн. теңгеге реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары бар.

Су қоймасында ірі өнеркәсіптік апаттар мен апаттар қаупі және пайда болуы жағдайында тұрғындарды дер кезінде қорғауға, уақытылы шаралар қабылдау үшін датчиктер мен жергілікті ескерту жүйесі орнатылған. Қайта құру су тасқынының ауыр зардаптарын болдырмауды ғана емес, жыл сайын суармалы егістікпен айналысатын шаруаларға қосымша текше метр суарумен қамтамасыз етеді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі