Бердібек Сапарбаев суға түсу орындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша суға түсу маусымы басталғалы бері тоғандарда 12 оқиға тіркеліп, 14 адам қайтыс болған. ТЖД қызметкерлерінің күшімен 4 адам құтқарылса, оның біреуі - бала.

Облыс орталығында ресми түрде 4 жағажай жұмыс жасайды. Алайда,тексеру шаралары кезінде иелерінің рұқсат құжаты жоқ тағы 6 ақылы жағажай анықталды.

Өңірде барлығы 25 суға түсу орны бар, оның ішінде 12 ақылы және 13 коммуналдық жағажай. Суға түсу маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына 6 млн теңге қарастырылған.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтар суға түсетін орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі