Бердібек Сапарбаев су тасқынына қарсы штаб жұмысын тексерді

29 наурыз күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралап, облыс орталығындағы су тасқыны жағдайымен танысты.

Атап айтқанда, облыс әкімі өткен түнде көктемгі  жаңбырлы судың нәтижесінде көшелерін су басқан «Ромашка» бау-бақша аумағында болды. Кооператив тұрғындары арнайы техниканы тез арада жіберген жауапты органдардың көмегіне жүгінді. Таңертең Төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызметтер күштерінің үйлестірілген іс-әрекеттерінің арқасында көшеден су сорылды. Азаматтардың тұрғын үйлері мен мүліктері зардап шеккен жоқ.

Бердібек Сапарбаев кооперативтің тұрғындарымен әңгімелесіп, саяжайлық учаскілер тек жаз мезгілінде ғана тұруға  арналғанын айтып өтті.

- Сіздер жеке тұрғын үй құрылысына сәйкес құжаттарды қайта рәсімдеуіңіз керек. Содан кейін ғана тұрғын үйлердің құрылысы заңды негізде болады және мемлекет осы аудандарда жолдар, мектептер, ауруханалар, балабақшалар салып, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ете алады.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Мәскеу» және «Сельмаш» аудандарында су тасқынына қарсы жұмыстармен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, бұл мәселені назарда ұстап  тұрғын үйлерді, қала маңындағы массивтерді, қала көшелерін және аулаларын су басуға жол бермеуді тапсырды.

20 наурыздан бастап Ақтөбе қаласындағы тасқынға қарсы қарсы штаб кеңейтілген. Халықтан түскен өтініштер 55-17-22, 57-17-99,
57-17-82, 57-19-68, 109 телефондары арқылы қабылданады. Әрбір қоңырау комиссиямен тексеріледі және қажет болған жағдайда дереу шаралар қабылданады. Бүгінгі күні штаб-пәтерге 440 қоңырау келіп түсті. 67 672 ш.б. су сорылды, тұрғын үйлерге 372 куб. инертті материал жеткізілді. 150 бірлік техника тартылды. Қазір қалада су тасқыны жағдайы тұрақты.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі