Бердібек Сапарбаев Темір ауданына жаңа әкімді таныстырды

27 қыркүйек, бейсенбі күні өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Темір ауданына жұмыс сапары кезінде аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. ҚР Президенті әкімшілігімен келісе отыра және аудан мәслихаты депутаттарының келісімімен аудан әкімі болып Жолдас Қалмағанбетов тағайындалды.

Белгілі болғандай, ауданның бұрынғы әкімі Асқар Жүсібалиев 24 қыркүйекте Қарғалы ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.

Қалмағанбетов Жолдас Нұрланұлы 1978 жылы туған. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы тамызда Темір ауданының жалпы білім беретін мектебінде бастады. 2004-2009 жылдары Темір ауданыныңТасқопа және Шұбарши ауылдық округтерінің әкімі болды. 2009 жылдың тамыз айынан бері Темір аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2015 жылғы сәуір айынан бері – Темір ауданы әкімінің орынбасары. 2017 жылғы наурыз айынан бері Ақтөбе облысының дін істері басқармасын басқарды. Өңір басшысы Темір ауданының жаңа әкімі алдына бірқатар тапсырмалар қойды. Олардың қатарында аудан экономикасын дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары бар.

- Темір ауданы - үлкен әрі қиын аудан. Осыны ескере отыра, аудан әкімі етіп Жолдас Қалмағанбетовты тағайындау шешімі қабылданды. Ол осы жерде дүниеге келді және көп жылдар бойы осында еңбек етті, ауданның ерекшеліктері мен тұрғындарын біледі. Бұл оның өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға көмектесетініне сенімдімін, - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы сондай-ақ, Асқар Жүсібалиевке де Темір ауданында атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі