Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды

24 қыркүйек, дүйсенбі күні өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданына жұмыс сапары кезінде аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депуттаттарымен келісе отыра аудан әкімі болып Асқар Жүсібалиев тағайындалды.

Бұрынғы басшы Рахат Сыдықов Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болды.

55 жасар Асқар Жүсібалиев соңғы екі жыл Темір ауданын басқарды. 2011-2016 жылдары Қобда ауданының әкімі болған. Өңір басшысы Қарғалы ауданының жаңа әкімі алдына бірқатар тапсырмалар қойды.

 - Бастысы – экономика мен аудан тұрғындарының әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығын – егін және мал шаруашылықтарын дамытуды жалғастыру қажет. Қарғалы ауданы Ақтөбемен шекаралас басқа аудандар секілді аудан орталығын етпен, сүтпен және басқа да азық-түлікпен толықтай қамтамасыз ету керек, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев атаған басым міндеттердің қатарында сондай-ақ, жол бойындағы қызмет көрсетулерді дамыту және Ресей Федерациясымен шекаралас аудандармен тату көршілік қатынаста болу сұрақтары да бар. Бердібек Сапарбаев Рахат Сыдықовқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Еске салайық, Рахат Сыдықов Қарғалы ауданының әкімі болып 2013 жылдың маусым айында тағайындалған болатын. Бұдан басқа, облыс әкімі ауданға жұмыс сапары кезінде Желтау ауылдық округінің Петропавл ауылында болды. Мұнда өңір басшысы ата-ана қамқорынсыз қалған үш балаға жаңа жайлы пәтердің кілтін табыс етті. Үйдің жалпы аумағы – 163 шаршы метр. Мұнда су мен электр қуаты бар, жуырда газ қосылмақ. Құрылыс құны – 25 млн теңге. Жобаны ақтөбелік кәсіпкер Қаржаубай Әлиқұлов «Бақытты бала» өңірлік жобасы аясында қаржыландырған.

Бұдан өзге, ауданның басқа да кәсіпкерлері жаңа қоныс иелерін газ пештерімен, теледидар, кілемдермен және ыдыс-аяқпен қамтыды. Баспананы жаңа иелерімен бірге қарап шыққан Бенрдібек Сапарбаев олардың үйлеріне молшылық пен бақыт тілеп, 100 мың теңгенің сертификатын сыйлады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі