Бердібек Сапарбаев әлеуметтік нысандар құрылысының, жолдар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік нысандардың, жолдар, тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысы мәселелері жөнінде жиналыс өтті.

Жиынға мемлекеттік органдардың басшыларынан өзге мердігер құрылыс мекемелерінің өкілдері қатысты. Мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып жатқан облыстық өлкетану мұражайы, мұз сарайы, теннис орталығы, облыстық балалар стомоталогиясы және басқалар сияқты ірі әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілетін түпкілікті мерзімі қаралып, бекітілді. Аталмыш сұрақты талқылау кезінде облыс әкімі қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сақтамайтын компанияларға қарата сөйледі.

- Көптеген кәсіпорындар әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын әлі де сақтамайды. Бұл бағытта «Қазхром» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Орыс мыс компаниясы» жақсы жұмыс жасауда. Қалған ірі жер қойнауын пайдаланушылар міндеттер алса да әлеуметтік жауапкершілік қағидалары бойынша жұмыс жасамай отыр. Мұның бәрі олардың орындауға міндетті келісімшарттық міндеттемелерінде жазылған. Келісімшартты орындамайтын болсаңыздар министрліктермен бірлесе бұзатын боламыз,-деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда келісімшарттық міндеттердің сақталуына қатысты талаптардың күшейтілетіндігін еске салды. Ол сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігінің әлсіздігін атап өтті, жыл басынан бері әлеуметтік жауапкершілік жобаларын жүзеге асыруға барлығы 8 миллион теңге бөлінген.

Бұдан өзге, жиын кезінде жолдардың, газ, су, электрмен жабдықтау желілерінің құрылыс барысы қаралды. Сонымен бірге Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдар, әкімдіктер құрылыстың мерзімі мен сапасын бақылауды күшейту керектерін атап өтті.

- Жаңа үйлердің, мектептердің төбелерінен су ағып тұр, мектеп ғимараты су тасқынының табиғи арнасында тұрғызылған! Масқара ғой бұл! Іске қосу кезінде техникалық және қадағалау қадағалауды қалай өткізген? Осының бәрі бақылаудың әлсіздігінен. Бақылаушы органдар құрылыс басына барып, қалай салып жатқандырын, құрылыс нормаларының сақталғанын өз көздерімен көрулері тиіс! Құрылыста бастысы – сапа. Ондай қате енді болмау қажет, бақылауды күшейтіңіздер. Ал әлі де кепілдік қызмет көрсетуде тұрған жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандарға қатысты, мердігерлер тұрғындардың шағымдарына әрекет етіп, өз қателерін тез жоюлары қажет,-деп тапсырды облыс әкімі.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға мердігерлердің жолдарды кепілдік бойынша жөндеу міндеттемелерін сақтауларын қадағалау тапсырылды. Белгілі болғандай, қайта жөнделген жолдардың үш жыл бойы қызмет көрсететін кепілдіктері бар. Пайдаланудың кепілдік мерзіміне шыдамаған жолдардың қатарында 12-ші шағын аудан, Космос ауданы, Шернияз, Р. Кутуев, В.Пацаев, С.Қалдаяқов көшелері мен басқа да жерлер бар.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі