Бердібек Сапарбаев өңірдің цифрландыру қарқынын жылдамдатуды тапсырды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік органдардың, коммуналды кәсіпорындардың басшылары өңірде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы мәселесін талқылады.

«Елбасының цифрландыру жөніндегі  тапсырмасын орындау аясында өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілді, арнайы басқарма құрылды. Екі жылдың ішінде осы мақсатқа 2,7 млрд. теңге бөлінді, биылға тағы 1,7 млрд. теңге қарастырылған. Соған қарамастан біздер бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуіміз керек»,- деді өңір басшысы.

Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының қорытындысы бойынша былтыр 14 жоба жүзеге асырылғанын, тағы сегізі жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Цифрлы білім беру» бағыты аясында жалпы білім беретін 399 мектептің барлығы да интернетке, 202 мектеп  вай-файға қол жеткізді. Білім беру мекемелері 18 мың компьютермен жабдықталған, тек 2018 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жаңа үлгідегі 6117  компьютер және 5000 бірлік компьютерлік техника сатып алынды. Мектептер «Күнделік» ақпараттық жүйесіне 100% қосылған, жеті жасқа дейінгі балаларды балабақшаға кезекке тұрғызу немесе жолдама беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер автоматтандырылып, «Платонус» Электронды колледж» пилоттық бағдарламасын енгізу жұмыстары басталып кетті.

Денсаулық сақтау саласында 353 мекеме интернетке қосылған, 46 медицина мекемесіне ақпараттық жүйелер енгізіліп, әрбір ақтөбелікке электронды денсаулық төлқұжаты толтырылды, ал қағазсыз құжат айналымы аясында 121 медицина формасының 97-сі электронды түрге көшірілді.

Ақтөбеде «Қауіпсіз қала» бағыты аясында 130 қоғамдық қауіпсіздік камерасын, жол қозғалысының ережелері бұзылғандығының фото және бейнетіркеу жүйесі бар он интеллектуалды  торабын, 11 жылдамдық өлшеуіші бар литнейлі учаскелерді орнату жұмыстары аяқталды.

Сонымен бірге Бердібек Сапарбаев облыс орталығына қондырылған бейнебақылау камераларын интеграциялайтын полиция департаментінің жұмысын да сынға алып, департамент басшылығына бірыңғай интеграцияланған жүйе құру жұмысын күшейтуді тапсырды.

Жиналыста сонымен қатар, «Smart City» жобасын жүзеге асыру мәселесі де талқыланды.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қала әкімдігі «Қазпошта» АҚ-мен бірге бірыңғай төлем құжатын құру шараларын қолданып жатқандарын мәлімдеді. Аталмыш жобаға ендігі 59 ұйым қосылған, оның ішінде коммуналды қызметтерді жеткізушілер, байланыс операторлары, ПИК бар.

«Ақылды қала» тұжырымдамасымен қоғамдық көліктердің барлығы GPS-трекерлермен жабдықталып, жолаушыларға қоғамдық көліктің қозғалыс кестесін қадағалауға мүмкіндік беретін AktobeBus мобильді қосымшасы іске қосылды, Ақтөбе қаласында жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілді және «Ақылды аялдамалар» жобасы жүзеге асырылуда. Қалалық бағыттағы он көлікке пилоттық тәртіпте электронды билет беру жүйесі енгізілді.

-  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған, сондықтан біз оны сапалы жүзеге асыру үшін барлық шараларды қабыладуымыз қажет,- деді жиынды түйіндеген облыс әкімі.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі