Бердібек Сапарбаев — «СНПС Ақтөбемұнайгаз» өндірістік және әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін барлық резервті пайдалануға міндетті

Ақтөбе облысында ірі және орта кәсіпорындар қалыптасқан дәстүр бойынша ұжым мүшелерінің алдында облыс басшылығы және кәсіподақтардың қатысуымен бекітілген келісім-шарт және меморандумдардың орындалуы туралы есепті кездесулерін өткізуде.

Дүйсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мұғалжар ауданында Жаңажол кен орнында, Темір ауданында Кеңқияқ тұз үсті, Кеңқияқ тұз асты кен орындарында, Байғанин ауданында Солтүстік Трува кен орнында барлау бойынша мұнай және газ өндіру жұмыстарын жүргізуп жатқан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ — аймақтағы ірі мұнайгаз компаниясының жиналысына қатысты. Компанияның Қазақстанның мұнай нарығындағы үлесі 7,7%-ды құрайды, көмірсутегі шикізатын өндіру көлемі бойынша Қазақстанның жетекші мұнайгаз операторларының бестігіне кіреді.

- Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Өткен жылы біз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе алдық. Компания аймақтың экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуда – сіздер облыста өндірілетін мұнайдың 67%, газдың 88%-ын иеленіп отырсыздар. Бүгінгі күні акционерлік қоғамда 6352 адам жұмыс істеуде. Мұнай бағасының төмендеуіне және жалпы сұраныстың азаюына қарамастан, компания жоспарды толығымен орындады, соған қарамастан бірқатар проблемалық мәселелер де бар. Олар ең алдымен мұнай өндіру, инвестиция тарту бойынша көрсеткіштердің төмендеуіне, сұйытылған газды жеткізуге қатысты,- деп атап көрсетті облыс әкімі. Ол сонымен бірге акционерлік қоғамның 2016 жылдың басында қол қойылған үш жақты меморандум аясында өздеріне алған міндеттемелерін түгелдей дерлік орындағанын атап көрсетті.

Қазіргі уақытта әлеуметтік жауапкершілік аясында «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ құны 1,3 млрд. теңге тұратын Жастар сарайының құрылысын жүргізуде, оны биылғы жылы аяқтауды көздеуде.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь жиналысқа қатысушыларды кәсіпорын қызметінің негізгі қорытындыларымен таныстырды, сонымен бірге 2016 жылы компания алдында көптеген қиындықтар туындағанын да атап көрсетті.

- Мұнай бағасы барынша төмендеді, ескі кен орындары бойынша өнім өндірудің табиғи таусылуы байқалды. Облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдардың жан-жақты қолдауы нәтижесінде біз қиындықтарға қарсы тұрып, өнім өндіру бойынша барлық көрсеткіштерді артығымен орындауға қол жеткіздік. 2016 жылы 4 млн 121 мың тонна мұнай, 5 миллиард 759 мың текше метр газ өндірілді. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына өткізілетін шикізаттың жалпы көлемінің 50 пайызы берілді, ішкі нарыққа 470 мың тоннадан астам сұйытылған газ шығарылды. Тұтастай алғанда газ өткізу көлемі 5 миллиард құрады, осылайша біз компанияның тарихында рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік, - деп хабарлады Ван Цзюньжэнь.

Бас директор сондай-ақ АҚ өздеріне қабылдаған барлық міндеттемелерін орындағанын атап көрсетті: ішкі нарыққа 30 миллиард теңгенің мұнайын, сұйытылған газын және табиғи газын өткізіп, салыққа 83,5 миллиард теңге аударылған. Жұмысшыларды тегін тамақтандыруға 769 миллион теңге бөлініп, бір жұмысшыға берілетін әлеуметтік пакет 231 мың теңге құраған.

Бұдан басқа, қазақстандық құрамды дамытуға және импортқа қатысты тәуелділікті қысқартуға ерекше назар аударылған.

- Биылғы жылғы көрсеткіштер 2016 жылғы көрсеткіштерден кем болмауы тиіс, ал инвестициялар көлемі жоспарға сәйкес 50 миллиард теңге құрауы қажет. Өндірістік бағдарламаларды орындау үшін барлық резервтерді пайдаланып, еңбекақыны индекстеу, жұмысшылардың қысқаруына жол бермеу керек, - деп тапсырды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылығы кәсіподақтар орталығы арасында меморандумға қол қойылып, онда еңбек қатынастары, жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету мәселелеріндегі алдағы уақыттағы келісімді әрекеттер көрсетілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі