Бизнесті қолдау

You are here

Қосылды: 
15.08.2016 - 01:50
Соңғы өзгерiстер: 
15.08.2016 - 01:50

Қосылды: 
18.08.2016 - 14:55
Соңғы өзгерiстер: 
23.08.2016 - 11:08
ТіркемеКөлем
Image icon dkb001.jpg264.09 KB
Image icon dkb002.jpg375.91 KB
Image icon dkb003.jpg257.62 KB
Image icon dkb004.jpg306.66 KB
Image icon dkb005.jpg238.31 KB
Image icon dkb001 каз.jpg539.41 KB
Image icon dkb002 каз1.jpg944.95 KB
Image icon dkb002 каз2.jpg894.25 KB
Image icon dkb003 каз.jpg776.05 KB
Image icon dkb003 каз.jpg776.05 KB
Image icon dkb004 каз.jpg757.75 KB
Image icon dkb005 каз.jpg647.98 KB

50 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

2015 жылы ШОК субъектілері 481,2 млрд. теңгеге өнім шығарды.

ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар cаны 131,5 мың адам құрады.

-----------------------------

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді

Ақтөбе қ. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы АФ АҚ "Даму "кдқ"", жанында 2015 жылға 7000-нан астам қызмет көрсетілді;

Ақтөбе қ. ӨКП жанында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы , 2015 жылға 10 000 қызметтер көрсетілді;

Сондай-ақ, облыстың әр ауданында кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы жұмыс істейді

-------------------------------

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Аталған бағдарлама шеңберінде 2015 жылы жалпы трансферт сомасы 3,8 млрд. теңгеге 236 кәсіпкер қолдауға ие болды.

----------------------------

 

2015 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ЕДБ кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша (жалпы кредит құны 9,2 млрд.теңгеге 135 жоба) Қазақстан өңірлері арасында Ақтөбе облысы 1 орынға ие болды.

Бұған қоса, қолайлы бизнес-климат жөнінен Ақтөбе облысы 2 орында

 

«БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының Ақтөбе облысында 2015 жылы жүзеге асырылуы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) шеңберінде 2015 жылы трансферт сомасы 3,8 млрд.теңгеге 236 кәсіпкер қолдауға ие болды:

субсидиялау – кредит сомасы 9,2 млрд.теңгеге 135жеке кәсіпкерлік субъектісі;

кепілдендіру –кепіл сомасы 785,0 млн.теңгеге 79 ЖКС;

гранттар – 20,0 млн.теңгеге 9 ЖКС;

микрокредиттер – 59,0 млн.теңгеге 13 ЖКС.

Субсидиялау бойынша:

2015 жылы ӨҮК-мен кәсіпкерлердің жалпы кредит сомасы 9,2 млрд.теңге құрайтын 135 жобасы мақұлданды. Бұл қолдаудың түрі бойынша көшбасшылар Мұғалжар және Хромтау аудандары болып табылады. Бағдарламаға орташа қатысу қарқыны Мәртөк, Алға және Қарғалы аудандары - 5 жобадан (4%) байқалады.

Бағдарлама мониторингі көрсеткендей, өткен жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда мақұлданған жобалар саны 19 бірлікке немесе 14% артқан.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында әрекет жасайтын 22 кәсіпкерге Бағдарламаның жаңа шарттары ағымдағы жобалар бойынша субсидияланатын пайыз мөлшерлемесін 7%-дан 10%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Кепілдендіру бойынша:

2015 жылы 79 жоба мақұлданды, соның ішінде 45 жоба (57%) Ақтөбе қаласында, қалған 34 жоба (43%) моно, шағын калаларда, ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылады (Мұғалжар ауданы – 10, Хромтау ауданы – 6, Алға ауданы – 5, Айтеке би, Мәртөк аудандары – 4 жобадан, Қарғалы ауданы – 2, Шалқар, Ойыл, Ырғыз аудандары – 1 жобадан).

Бұл құрал түрі ШОБ субъектілері арасында үлкен танымалдылыққа ие, өйткені аталған құрал кредит алуға екінші деңгейлі банкттер алдында кепіл болып табылады.

Бірінші жарты жылдықта 29 бизнес субъектісі осы қолдау түрін пайдаланса, екінші жарты жылдықта 50-ге жуық кәсіпкер пайдаланды абылады.

Егер 2014 жылдыңқорытынды көрсеткіші - 30 жобаны 2015 жылдың 79 жобасымен салыстырып қарағанда, біз жоба санының 2,5 есе артқандығын көреміз, бұл өз кезегінде жалпы облысымыздың бизнес-климатына жақсы әсер ететінін білдіреді.

Гранттар бойынша: Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 20,0 млн.тг. көлемінде 9 шағын кәсіпкерлер субъектілеріне өтеусіз, қайтарымсыз гранттар берілді. Барлық жобаларды моно, шағын қалалар және ауылдық елді мекендерінде жүзеге асыру жоспарланған. Соның ішінде, Байғанин ауданы (ЖК «Утенова» - тігін цехын ашу, ЖК «Абдуллаев Е.» - тұшпара жасау цехын ашу, ЖК «Абдрахманова» - шағын наубайхана ашу), Алға ауданы (ЖК «Қазмағамбет М.» - кардиологиялық кабинет ашу), Шалқар ауданы (ЖК «Эбен» - ағаштан ойып бұйымдар жасау), Хромтау моноқаласы (ЖК «Курганбаева Г.» - тігін цехын ашу, ЖК «Жангужина» - ПВХ қолғап шығару, ЖК «Амина» - дөңгелек жөндеу шеберханасын ашу, «Ideal Tender Service» - картридж толтыру ісін ұйымдастыру).

Жетіспейтін индустриялық инфрақұрылымды дамыту бойынша:

2015 жылға облысқа 2 137,5 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді, соның ішінде 2014 жылдан ауыспалы жобаларға республикалық бюджеттен 743,5 млн.теңге:

- «Игданит» ЖШС «Сөндірілмеген әк тасты өндіру бойынша зауыт құрылысы» жобасына – 167,1 млн.тг.;

- «Ақтөбе» Индустриалды аймағының сыртқы инфрақұрылымына – 44,9 млн.тг;

- «Ақтөбе» Индустриалды аймағының ішкі инфрақұрылымына – 531,5 млн.тг.

Ұлттық қордан жаңа 3 жобаға 1 394, млн. теңге бөлінді, бұлар:

- «Ақтөбе» индустриалды аймағына (ішкі инфрақұрылым) – 897,4 млн.теңге;

-«АЙС» ЖШС – «Мәртөк ауданында сүт-тауар фермасына қатты және шырынды жемшөптің өндірісін көбейту мақсатында суармалы жер ауданын үлкейту» жобасына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізуге – 356,0 млн.теңге;

-«Молочные истории» ЖШС – «Алға қаласындағы ет өндіру кешеніне инфрақұрылым құрылысына – 140,7 млн.теңге.

Микрокредит бойынша:

Бағдарлама шеңберінде Хромтау моноқаласында жобаларын іске асыратын 13 бизнес субъектілеріне 59,0 млн. теңге көлемінде микрокредиттер берілді. Осы көрсеткіш 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 37 бірлікке, яғни 26% азайды. Бұған себеп несиелеуге арналған қаражат мөлшерінің кем бөлінуінде. Атап айтқанда, мысалы 2014 жылы 141,3 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінген болса, 2015 жылы 59,0 млн.теңге бөлінді.

Бағдарлама басынан бері жалпы мақұлданған 806 жобаның облыс аудандарында 240жоба (30 %), Ақтөбе қаласында – қалған 566-сы (70 %) құрайды.

2015 жылдың қорытындысы - 236 жоба 2014 жылмен салыстырғанда- 161 жоба, яғни 1,5 есеге артқан.

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің белсенділігі артқанын атап өту керек, 2014 жылы олардың үлесі 35 жоба немесе 22 %-ды құраса, 2015 жылы 100-ден астам (44%) ауылдық кәсіпкер қолдауға ие болды, соның ішінде:

- кредиттерді субсидиялау – 1,3 млрд.теңгеге 48 кәсіпкер;

- кепілдендіру – кепіл сомасы 383,0 млн.теңгеге 34 кәсіпкер;

Жалпы, Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларымен Ақтөбе қаласы мен аудандардың мыңнан астам кәсіпкерлері қамтылды. Көрсетілген қолдау нәтижесінде облыста 15,1 мың жұмыс орны сақталып, 5,7 мың жаңа жұмыс орындары ашылған.

Қосылды: 
12.08.2016 - 16:50
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 16:32

Қосылды: 
23.08.2016 - 12:10
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 18:17
ТіркемеКөлем
Image icon ken_dala11.jpg352.02 KB
Image icon ken_dala21.jpg361.44 KB
Image icon ken_dala11kaz.jpg326.86 KB
Image icon ken_dala21kaz.jpg358.91 KB
Image icon ken_dala21kaz1.jpg361.79 KB

Қосылды: 
23.08.2016 - 12:13
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 18:18
ТіркемеКөлем
Image icon zhas_start1kaz.jpg346.73 KB
Image icon zhas_start2kaz.jpg358.91 KB
Image icon zhas_start2kaz1.jpg361.79 KB

1-сұрақ: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, оның басты мақсаты?  

Жауап: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жалпыұлттық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарламаның мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

2-сұрақ: «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын жобалар үшін қандай қолдау құралдары қарастырылған​?

Жауап: Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын жобаларға келесідей қаржылай қолдау шаралары қарастырылған:

  1. сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
  2. кредиттер бойынша ішінара кепілдендіру;
  3. мемлекеттік гранттарды ұсыну;
  4. шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу;

3-сұрақ: Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз не және жаңа жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлер қандай қолдаудан үміттене алады?  

Жауап: Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау – бұл жаңа жобаларды жүзеге асыратын немесе жоспарлап отырған, кәсіпкерлерге, экономиканың басым секторларында өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларға жеңілдікпен көмек беруді қамтиды. Егер кәсіпкер осы талаптарға сай келсе, келесі көмек түрлерінен үміттене алады:

1) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

2) кредиттер бойынша ішінара кепілдендіру;

3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

4) бизнесті жүргізуді сервистік қолдау

4-сұрақ: Кепілзат мүлкінің жетіспеуі

Жауап: Бүгінгі таңда, банктен бизнеске кредит алу үшін кредит көлемінен екі есе артық өтімді кепілзат қажет. Егер кредит алуға Сіздің жеткілікті кепілзатыңыз болмаса, жеке кәсіпкерлік субъектілерін кепілдендіруді пайдалануға болады. Бағдарлама банктен кредит алуға кепілзаты жетіспейтін қарыз алушыларға бағытталған. Кепіл құны қажетті кепілзатының жарты сомасына дейін қамтамасыз ете алады.

5-сұрақ: Грант ұсыну бойынша конкурсқа қалай қатысады?

Жауап: Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Мемлекеттік гранттар моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға салалық шектеулерсіз беріледі.

Бір кәсіпкер үшін ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі, яғни «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ-сі облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін кәсіпкерлерді конкурстық іріктеудің басталғандығы туралы хабарландыру береді.

Грант алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне өтінім береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;

2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 күн толмаған бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған анықтама;

6) бизнес-жоба;

7) Бағдарлама және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

8) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

9) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

Бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жылжымалы немесе жылжымайтын жеке мүлкімен кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы (ақша қаражаты), сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

6-сұрақ: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?

Жауап: Бағдарламаны жүзеге асыру 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1-бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау.

1) Банктердің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау;

2) Банктердің/Даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) мемлекеттік гранттар беру;

4) шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредит беру;

5) жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;

6) микроқаржы ұйымдарының Банктер алдындағы кредиттеріне ішінара кепілдік беру.

2-бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау.

1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

4) индустриялық аймақтары құру;

5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.

3-бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

Үшінші бағыт банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.

4-бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары

Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:

1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;

3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

4) іскерлік байланыстарды кеңейту.

7-сұрақ: Кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі қанша уақытты құрайды?

Жауап: Кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. 

8-сұрақ: Өз ісін алу үшін кредитті қайдан алуға болады?

Жауап: Банктен кредит сұрардың алдында, кішігірім болса да өз бизнесіңіз болуы қажет. Әрекеттегі бизнес Сізге қосымша құжаттар береді. Мысалға, үйіңізде халықтық көркемөнер бұйымдарын жасаумен айналысасыз және бірнеше дүкен мен фирмаларға тапсырасыз. Неге осы фирмалармен бір жылға болжамды  жеткізу көлемі туралы шарт жасамасқа? Бұдан бөлек, банктерге Сіздің жетістіктеріңіздің бағалануы маңызды, нақты еңбегіңіздің нәтижесін көре тұра, Сіз «ауданның үздік жуатын орны», «жылдың үздік дүкені», «жыл тауары» сертификаттарын алу мақсатында кәсіби конкурстарға қатыса аласыз. Ал, егер Сізде құралдарды сатып алушылармен шартыңыз болса, оны міндетті түрде жазбаша түрде жасаңыз және олардың көшірмесін банкке беріңіз, олар Сіздің бизнесіңіздің нақты келешегін көруі керек.   

Қосылды: 
13.08.2016 - 10:32
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 12:13

Қосылды: 
03.11.2016 - 11:23
Соңғы өзгерiстер: 
03.11.2016 - 11:23
ТіркемеКөлем
Image icon 1.jpg379.16 KB
Image icon 2.jpg358.04 KB
Image icon 3.jpg369.77 KB
Image icon 4.jpg288.86 KB

Ақтөбе облысы елдің келешек көлік-логистикалық орталығы бола отырып, жоғары өсім әлеуетіне ие. Сонымен қатар, облыстың әкімшілік орталығы  - Ақтөбе қаласы - жақын келешекте қызмет көрсету саласы жоғары қарқынмен дамитын елдің ірі қалалық агломерациясы болады. Себебі, бүгінгі күннің өзінде бұл сала аймақтық шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс жасайтын адамдар саны бойынша көш бастап отыр. Ақтөбе облысы бұған қоса географиялық тұрғыдан ыңғайлы орналасқан: облыс кедендік одақтың ірі нарығы Ресей Федерациясымен шектеседі. Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекарада Ресейдің бірнеше миллионшы-қалалары орналасқан. Мұның барлығы бизнесті жүргізу шарттарын сапалы түрде жақсартуға қажетті жағдайлар туғызады.

Облыстың экономикалық дамуының негізгі басым бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша әрекет етіп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 0,9% өсіп, 50 216 бірлік құрады. Осы субъектілерде жұмыс жасап жатқан адамдар саны 131 774 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4% өсті (мәлімет 2016 жылдың І тоқсаны бойынша).

Өндірілген өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтер көлемі 118,1 млрд.теңгені құрап, 12,2% артты  (мәлімет 2016 жылдың І тоқсаны бойынша).

Ақтөбе облысы бүгінгі күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаржыландырылған жобалар саны жөнінен көшбасшылардың қатарында.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе облысы 2016 жылы қаржыландыру сомасы 1240,0 млн.теңгені құрайтын ауылдық бизнесті қаржыландыру жобасын жүзеге асырған 5 облыстың қатарына ілікті.

Ағымдағы жылы ауылдық елді мекендердегі, моно және шағын қалалардағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге 4 465,0 млн.тенге бөлінді.

Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көлемі 200 га құрайтын индустриалдық аймақ салынды, онда алғашқы 5 жобаның құрылысы жүргізілуде. Инвесторларға қызмет көрсету орталығы ашылды, олар инвесторға «бір терезе» тәртібі бойынша қызметтер ұсынады. Облыс әкімдігі Аймақтық кәсіпкерлер палатасына өздерінің қызметкерлерін орналастыру үшін арнайы ғимарат бөлді, олар өз кезегінде бизнеске рұқсатнама құжаттарын алуға көмектесуде. Сондай-ақ, Хромтау қаласында 3000 шаршы метрлік бизнес-инкубатор ашылды.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының тапсырысымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы экономикалық зерттеу институтымен әзірленген зерттеу нәтижесіне сәйкес 2015 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру көрсеткіші бойынша 2 орында болды.

Бәрімізге мәлім, кәсіпкерлер үшін бизнес ортаның қолайлылығын анықтайтын тиімді құрал «Doing Business» рейтингісі болып табылады.

Артық әкімшілік кедергілерді жою мақсатында облыста «Doing Business» субұлттық рейтингісін енгізу және іскерлік климатты жақсарту жөніндегі жұмыс тобы қызмет етуде. Ол тұрақты түрде кәсіпкерлер арасында «Кәсіпорынды тіркеу», «Меншікті тіркеу», «Құрылысқа рұқсат алу» және «Электр желілеріне қосылу» индикаторлары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Кедергісіз кәсіпкерлік» форумында қолайлы инвестициялық климатты құруға, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға деген сенімін жақсартуға, әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған Кәсіпкерлікті қорғаудың аймақтық жол картасы таныстырылды.

Карта көмегімен аймақтың кәсіпкерлік саласының даму жағдайын, шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі келтіретін себептерді, ауыл шаруашылығы, құрылыс, салық салу мен сыртқы экономикалық байланыс салаларындағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру жоспарлануда.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Қызмет көрсету саласы немесе сервистік сектордың басым болуы облыста агломерацияның дамуы үшін барлық қажетті алғышарттардың жасалып жатқандығының көрінісі болып табылады. 2050 жылы бұл агломерацияға ЖІӨ-нің шамамен 70% тиетін болады. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді даму жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы ел астанасымен, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар 4 агломерациялардың бірі атанатын болады. Аталған қалалар кәсіптік және жоғары сапалы қызметтер ұсынуға маманданып, қалалар мен жақын орналасқан елді мекендер экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін болады.

Келтірілген мәліметтер біздің аймақтағы бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлардың жасалып жатқандығының айқын белгісі болып табылады. 

Қосылды: 
15.08.2016 - 09:33
Соңғы өзгерiстер: 
24.08.2016 - 17:28

Қосылды: 
15.08.2016 - 09:26
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 15:16
ТіркемеКөлем
PDF icon КАТАЛОГ (RU) 2015 утв.pdf4.49 MB
PDF icon Aktobe_katalog_kz.pdf40.79 MB

Ақтөбеоблысының бизнес қауымдастығы

«Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық қызметті Қолдау және дамыту Ассоциациясы»

Басшы: БЕКЕНОВ Құдайберген Елтекұлы

Байланыс: Ақтөбе қаласы, 41 разъезд, 106, тел.: 8 (7132) 402-814, 402-810 jdf_aktobe@mail.ru

Ақтөбе қаласы «Кәсіпкерлердің құқын қорғайтын ассоциация» заңды тұлғалар бірлестігі

БасшыХАМИТОВ ТалғатАмангелдіұлы

Байланыс: Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 26 «Р», тел.: 8 (7132) 552-364 azpp_aktobe@mail.ru

«Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілерінң қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі

БасшыИТЕҒҰЛОВ Марат Серғазыұлы

Байланыс: Ақтөбе қаласы, Гастелло көшесі 2 А, 8 (7132) 562-846, 567-545 neotest@mail.ru

Ақтөбе облысының Атамекен кәсіпкерлер палатасы

БасшыМҰҚАНОВ НұрлыбекБекболатұлы

Контакты: Ақтөбе қаласы, пр. Сәнкібай батыр даңғылы 22 «К», тел.: 8 (7132) 744-607 aktobe@palata.kz

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы қоғамдық бірлестігі

БасшыМАРЧЕНКО Анатолий Николаевич

Байланыс:Ақтөбе қаласы, Чернышевский көшесі 43, тел.: 8 (7132) 504-090, 530-751 ф. oospir2005@mail.ru

Орталықтары

"Даму" КДҚ "АҚ АФ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

БасшыМҰРЗАҒАЛЕЕВ ЖеделбекНаримайұлы

Байланыс: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 51, к.1, тел: 703-808

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту орталығы

БасшыНҰРҒАЛИЕВ Ержан Маратұлы

Байланыс: Ақтөбе қаласы,Сәнкібай батыр даңғылы 22 «К», тел.: 8 (7132) 744-646

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы

БасшыЗине ЖұманЖүсіпұлы

Байланыс: Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батырдаңғылы 22 «К», тел.: 8 (7132)

Бүгінгі күні, Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес жұмыс жасауда,  құрамына 5 аккредиттелген кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері кіреді. Шағын және орта бизнестің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары Сараптамалық кеңестеқаралып, аккредиттелген кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен Экспорттық қорытындысы беріледі. 

Ақтөбе қаласында аймақта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне кеңес беру және қызмет көрсету, Ақтөбе облысы экономикасына инвестиция тарту, инновация және мемлекеттік – жеке әріптестікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

Орталық аймақтағы кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін барлық мемлекеттік органдармен бірлесіп қызмет атқарады.

Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері КҚКО – да тек қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар туралы толығырақ ақпарат қана емес, сондай-ақ тіркеу, бухгалтерлік  есеп жүргізу, бизнес – жоспар дайындау, бизнесті дамытудың маркетингтік жоспары, оқыту секілді кез келген мәселелер бойынша көмек ала алады және жеделдетілген уақытта рұқсат беру құжаттарын алуға, монополистермен техникалық шарттар жасасуға, жер учаскелеріне нысаналы мақсатын өзгерту,  объектілердің құрылысына рұқсат алуға және т.б. Жалпы мемлекеттік сатып алу саласы, кедендік қызмет, менеджмент жүйесі және сапа бағыттары бойынша қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер бизнесті жүргізуге рұқсаттама беретін мемлекеттік органдар мен компаниялардан барлық қажетті кеңестер алады. Сондай – ақ, Ақтөбе қаласында «Даму» қоры жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықта «ҚазАгро» ҰБХ»АҚ-ның құрылымдық бөлімдері мен еншілес ұйымдары, басқа да қаржы институттары «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. 

Қосылды: 
13.08.2016 - 10:49
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2016 - 12:20
ТіркемеКөлем
Image icon 01-1.png6.4 KB
Image icon 02-1.png8.15 KB
Image icon 03-1.png9.42 KB
Image icon 04-1.png9.21 KB
Image icon 05-1.png9.83 KB
Image icon 06-1.png9.13 KB
Image icon 07-1.png8.15 KB
Image icon 08-1.png9.98 KB

Жаңалықтар таспасы