Билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайту

Ақтөбеге терроризм тақырыбы бойынша сарапшы және белгілі саясаттанушы, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин жұмыс сапарымен келді. Ол Ақтөбеде саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, діни өкілдермен кездесті. Кездесу барысында терроризмнің себептері мен салдары туралы кеңінен айтылд. Ерлан Қарин бұл кездесуге дейін облыстың бірқатар аудандарында болып, өңірдегі діни ахуалмен танысқан болатын.

Ақтөбеге арнайы келген саясаттанушы Ерлан Қарин сапарын Мұғалжар, Темір және Алға аудандарынан бастады. Онда жұртшылықпен, әкімдік қызметкерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылаған. Оның айтуынша, мұндай кездесулер, жеке-дара жұмыстар жергілікті биліктің және орталық органдардың Ақтөбеде бесінші маусымда болған оқиға елімізде қайталанбас үшін керек. Лаңкестік әрекеттермен күресу үшін ең алдымен жастардың тәрбиесіне көңіл бөліп, отбасы құндылығын нығайту керек, - деді ол.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Ал, облыс әкімі өз кезегінде өңірде саяси жағдайдың тұрақты екендігін айтты. Ең бастысы халықтың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыру қажет. Жыл басынан бері 14 қоғамдық кеңес құрылып, 50-ден аса кездесу өткізген. Бүгінде облыста 6 саяси партия, 100 мемлекеттік емес ұйым, 69 діни бірлестік, 19 этно-мәдени орталық және 8 салалық кәсіподақ жұмыс істейді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесуді қорытындылаған Ерлан Қарин билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нығайту керектігін атап өтті.

 

Қосылды: 
01.07.2016 - 14:37
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 10:55