Б.Сапарбаев ақтөбеліктерді су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірігуге шақырды

You are here

Ақтөбеде көктемгі су тасқынынан баспаналары зардап шеккен 90 отбасы үйлерінің құрылысын жалғастыруда.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қурайлы ауылындағы 55 тұрғын үйдің, Өрлеу ауылында салынып жатқан 4 үйдің құрылысымен танысып, жедел араласуды талап ететін проблемалардың шешімін анықтады. Айта кетейік, мамыр айының басында үйлері қираған және комиссияның шешімімен қайта қалпына келтіруге жарамайтын әлеуметтік жағынан әлжуаз 15 отбасы жаңа пәтер кілтін алған болатын. Сол кезде Бердібек Сапарбаев тасқын судан зардап шеккендердің проблемаларын шешу мәселесі өзінің үнемі бақылауында екенін айтып, ешбір жанұяның назардан тыс және қолдаусыз қалмайтынын айтқан еді. Тағы 90 жанұя барлық қажетті инфрақұрылымдары бар Қурайлы, Сазды ауылдық округтерінен, Россовхоз, Қызылжар, Ясное ауылдарынан жер телімдерін алды. Әрбір отбасыға табыс етілген 1 млн теңгелік сертификаттың 800 мыңы құрылыс материалдарын сатып алуға, 200 мыңы құрылысшылар еңбегіне төлеуге жұмсалады. Қаражат қайырымдылықтан 144 млн жинаған «Қолғанат» қоғамдық қорынан түсті. Қурайлы ауылында 55 отбасы жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алды. Бір айдың ішінде олардың басым бөлігі үйлерінің қабырғасын көтеріп, шатырын жабуда. Әкім құрылыс алаңдарын қарап шықты.

- Су тасқыны кезінде 918 құрылыс зардап шеккен. Олардың 95-і қалпына келтіруге жарамайды, біз олардың иелеріне жер телімдерін бөлеміз деп шештік. Жұмыс жүріп жатыр, кейбір үйлер аяқталуға таяу. Қолдан келген көмегін беруде ешкім тыс қалмады: жергілікті компаниялар халыққа өз қаражаттары есебінен су, газ, электр жүргізіп берді. Егер біз күшімізді біріктірсек іс әрі қарай басады, - деді облыс әкімі. Бердібек Сапарбаев барлық үйдің құрылысын күз түскенше аяқталу керектігін баса айтты.

- Біз бір отбасыдай болып, қиын жағдайға тап болғандарға көмек қолын созуымыз қажет. Барлық Қазақстан көмектесуде, «Маңғыстаумұнайгаз» қорға 56 млн теңге, Тараз университеті 4 млн теңге, «Халық банкі» 10 млн теңге, ал өңіріміздегі ірі компаниялар 5 млн теңгеден аударды, - деген облыс әкімі ірі кәсіпорындардың, жер қойнауын пайдаланушы жергілікті компания басшыларының назарын материалдық жағынан немесе құрылыс материалдарымен көмек көрсетуге аударды.

Облыс әкімі барлық аудан әкімдіктерінің демеушілермен бірлесе бір пәтерден бөлгендерін еске салды. Жиі асарлатып, үйлердің құрылысына еріктілерді, құрылыс отрядтарын, «Жасыл елді» тартуды тапсырды. Қаладағы басқарушы компаниялардың жүзден аса қызметкері құрылыс жұмыстарына қосылды.

Өмірзақовтар отбасы негізгі жұмыстарын аяқтап, жуырда жаңа үйге көшуді жоспарлап отырғандардың бірі.

- Облыс басшылығына үйді салу кезінде көрсеткен көмегі үшін шексіз алғыс айтқым келеді. Біз оралманбыз, Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылынан көшкен соң екі жыл Махамбет ауылында тұрдық. Тасқын кезінде үйіміз қирап қалды, алайда мәселеміз өңір басшылығының тарапынан жедел шешіліп, бір аптаның ішінде өз үйімізге көшеміз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш,- деген Ғалымжан Өмірзақов жергілікті билікке алғысын айтты. Еске салайық, билік бюджеттік сала мамандары, мүгедектер мен көп балалы отбасылар сияқты 10 отбасының материалдық жағдайын ескеріп, жер телімдерін берді. Олар жеке баспаналарының құрылысы аяқталғанша жаңа шағын отбасыларға арналған пәтерлерде тұра алады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы