Б.Сапарбаев Ақтөбе облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясын өткізді

Ақтөбеде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Рухани жаңғыру – жарқын болашақ кепілі»  тақырыбында XXI сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, аудан әкімдерінің орынбасарлары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ғылым мен шығармашылық зиялылары, саяси партиялардың, Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Бердібек Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындауда қоғамдық сананы жаңғырту, қоғамдағы ынтымақтастық пен келісімді бекітудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.

«Ең бастысы - Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының көпұлтты қоғамдағы тұрақтылықты, келісім мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау үшін барлық шараларды қабылдау керек. Сонда ғана біз көздеген мақсатымызға жетіп, халықтың әл-ауқатын жақсарта аламыз. Мұнда Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі зор. Өңірде Президенттің барлық тапсырмасы толық орындалып жатыр. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Облыс экономикасының өсімі  дағдарысқа және мұнай мен түсті металдарға деген сұраныстың төмендеуіне қарамастан 2016 жылмен салыстырғанда алдын ала болжамдар бойынша 5%-дан асады. Бұл келер жылға қор жинап, халық алдындағы барлық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді»,-деді облыс әкімі.

Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов Қазақстан халқы ассамблеясының 2017 жылы атқарған жұмысын қорытындылады. Сессияда ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары, Аналар кеңесінің, Ақтөбе облысындағы  Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының өкілдері сөз алды.

Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жаңартылған құрамы бекітіліп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығына сүбелі үлес қосқан ақтөбеліктер облыстық  Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Б.Сапарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі