Б.Сапарбаев: Ақтөбе облысы Президент Жолдауын сапалы түрде жүзеге асыру үшін барынша күш салады

Ақтөбе облысының әкімдігінде мемлекет басшысының осы жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын түсіндіруге арналған облыс активі өтті.

Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің және т.б. басшылары қатысты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбе облысында Жолдауды түсіндіруге арналған ауқымды жұмыстар жүргізілуде, облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық топтар құрылып, өз жұмыстарын бастады.

«Бүгін біз стратегиялық құжаттың негізгі басымдылықтары мен мемлекет басшысы белгілеген ауқымды міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылау үшін жиналып отырмыз. Президент алға қойған маңызды мақсаттардың бірі – әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену болып табылады. Ақтөбе облысы осы тапсырманы орындауда өзінің үлесін қосу үшін белсенді жұмыс жасауда. Нәтижесінде, өңіріміздің экономикалық өсімі өткен жылы кем дегенде 5% құрады. Бұл жақсы нәтиже деп есептейміз және осы жылы оны көбейтуіміз қажет»,-деді өңір басшысы.

Облыс әкімі Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген барлық он міндетке төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде жемісті бейімделу үшін қажеттілік ретінде тоқталды.

Ол 2018 жылы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өңірде экспорттауға бағдарланған кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру жұмыстары күшейтілетінін айтты. Осы жылы инвестиция сомасы 20 млрд теңге болатын кем дегенде он кәсіпорын жаңғыртылуы қажет. Бұдан басқа, «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылған өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, альтернативті энергетика саласындағы әлемнің 18 үздік технологиясын трансферттеу жоспарланған. Айта кетейік, өңірдің агроөнеркәсіп кешінінің алдында сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауды 46%-ға, ал оны қайта өңдеуді қазіргі  38%-дан 41%-ға өсіру міндеті тұр.

Көліктік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту, құрылыс пен коммуналдық секторға заманауи технологияны енгізу, инвестициялық жағдайды жақсарту, сонымен қатар, халықты баспанамен қамтамасыз ету (ағымдағы жылы кем дегенде 870 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр) жұмыстары жалғаспақ.

Басты назар, әдеттегідей, денсаулық сақтау мен білім беру салаларына, соның ішінде оларға алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізу жағына аударылатын болады. Сонымен бірге, жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияларды оқыған, жасанды интеллектпен жұмыс істейтін және «деректері мол» түлектер саны көбейеді.

«Біздің облыс барлық қажетті шараларды қабылдап, Президент Жолдауын сапалы, тиімді әрі уақытында орындау үшін барынша күш салуы қажет»,-деп атап өтті өңір басшысы.

Шара кезінде сондай-ақ, Президент Жолдауын қолдаған қоғамдық ұйымдардың басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары сөз алып, облыстың барлық халқын оны жүзеге асыру үшін кірсуге шақырды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі