Б.Сапарбаев: лаңкестік құрбандарының жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады

Осыдан бір жыл бұрын қайғылы оқиға орын алған №6655 әскери бөлімінде 2016 жылдың 5-6 маусымында лаңкестік актіден қаза тапқандарды еске алу митингі өтті.

Сол күндері қаза тапқан ақтөбеліктерді еске алып, гүл шоқтарын қоюға туған-туыстары мен жақындары және Қазақстанның өзге өңірлерінен келген қонақтар мен ақтөбеліктер қатысты.

Еске алу шарасын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашты.

-Өкінішке қарай, біз осыдан бір жыл бұрын қайғылы оқиғаны бастан өткізіп, нәтижесінде бейбіт тұрғындардан, тыныштық пен бейбітшілікті сақтап ақтөбеліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзінің әскери борышын өтеуде ерлік көрсеткен сарбаздардан айырылып қалған болатынбыз. Біздің парызымыз олардың ерлігі мен батырлығын мәңгі жадымызда сақтау. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесе халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдаудамыз. Мен қоғамның белсенді араласуымен өз мақсатымызға жететінімізге сенімдімін, - деді облыс әкімі қатысушыларға қарата айтқан сөзінде.

Қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, аспанға үш дүркін оқ атылды. Сонымен қатар, 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы екінші ротасының бөлімшесінде әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жазылған естелік тақтасы ашылды.

Бердібек Сапарбаев жергілікті атқарушы билік органдардың қайтыс болғандар отбасыларына көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. Бүгін олардың балаларына жазғы демалыс лагерлеріне соның ішінде РФ Орынбор облысындағы «Күншуақ елі» балалар орталығында демалу үшін 15 жолдама берілді.

Айта кетейік, өңірде экстремизм мен теорроризмге қарсы әрекет ету желісі бойынша мақсатты және кешенді жұмыстар жалғасуда.

2016 жылғы қазанда мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша республикалық десант жұмыс жасап, соның аясында 145 мың адамды қамтыған 2500-ден астам іс-шара өткізілді, 6600 ақтөбелікке нақты көмек берілді.

Өңір басшылығының тапсырмасымен 8 бағыт бойынша жобаны жүзеге асыру 2016 жылғы 10 қараша мен10 желтоқсанға дейін және 2017 жылдың сәуір айына жалғасты. Жұмыс тобының құрамына үздік дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, кәсіпкерлер, теологтар мен тәжірибелі имамдардан құралған 130 адам кірді. 170 мың адамды қамтыған 2500 астам іс-шаралар өткізіліп, облыстың 6000 астам тұрғыны нақты көмек алды. 115 жұмыссыз еңбекпен қамтылды. 40 хирургиялық операциялар жасалды, 500 аса адам ем алып, 100 бизнес жоба 1 млрд. 134 млн. теңге көлемінде қаржы алды. Әлеуметтік желілілердегі 716 экстремистік материалдар бұғатталды немесе жойылды.

Аталмыш тиімді жұмыстардың нәтижесінде тіркелген қылмыстардың саны 35,5 пайызға төмендеді.

Құқық қорғау органдары маусымдағы оқиғалардан кейін жыл бойы 64 салафизм ағымын ұстанушыларды анықтап, барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі