Б.Сапарбаев Президенттің бес әлеуметтік бастамалары туралы: Сапалы және уақытында орындаңыз

Ақтөбе қаласында депутаттар, ардагерлер, партияның өңірлік филиалдары басшылары, жергілікті атқарушы органдардың басшыларының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында партияның жүйелі жаңғырту және Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын іске асыруға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Атап өтейік, оны жүзеге асыруға бойынша Ақтөбе облысы Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып кірісті.

- Облыста Мемлекет басшысының 1 маусымда Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында алдымызға қойған Президенттің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру үшін барлық шаралар қабылданды. Ең бастысы - экономиканың бәсеңдеуіне жол бермеу. Әлемдік экономикаға бейімделе және дағдарыстың барлық сәттерін ескере отырып, бізге тиісті түзетулер енгізу қажет. Біз осымен қазір жұмыс жасаудамыз. 5 айдың қорытындысы бойынша барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда төмен емес. Халық алдындағы барлық міндеттемелер орындалды. Кем дегенде 5% экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында, бізге экономикаға инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру қажет. Біздің міндетіміз - Президенттің барлық тапсырмаларын сапалы және уақытында орындау, - деп атап өтті партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев.

Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова партиялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндады.

Өңірде «Балалар үшін тегін ІТ сыныптар» партиялық жобасы аясында «робот техникасы» жинағымен, 3D принтерлермен жарақтанған бес ІТ сынып ашылды, 8-16 жас аралығындағы мың баланы қамтитын тағы 15-і жыл соңына дейін пайда болады. Өңірде МЖС аясында Ақтөбедегі 75 мектеп асханасын жаңғыртуға, мектептердегі футбол және спорт алаңдарын қалпына келтіруге, ауылдық жерлердегі балалар мен жастарға ағылшынтілді ортаны қалыптастыруға байланысты үш партиялық жобаны жүзеге асыру қарастырылған. «Жас Отан» жастар қанатына да маңызды рөл берілді. Ол Жол картасын бекітіп, қоғамның барлық белсенді бөлігімен өзара қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған 6 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұлов отырыс қатысушыларына 5 әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Осылайша, бірінші бастама аясында жастар, бюджет саласының қызметкерлері және тағы басқа да санаттағы адамдар тұрғын үй мәселелерін шеше алады.

- Бізде тұрғын үй сеторын дамытуда берік іргетас қаланған. Соңғы үш жылда 2 млн. шаршы метр тұрғын үй мен ғимараттар пайдалануға берілді. 2017 жылдың өзінде 792 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл рекордтық деңгей болып табылады. Биыл 870 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз деп отырмыз, бұл 24 мың ақтөбелікті пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,-деп атап өтті О.Смағұлов.

Салық жүктемесін төмендету бойынша екінші бастама аясында еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін, ақтөбеліктердің еңбекақы мөлшері 55 мыңға дейін көтеріледі.

Колледждер мен жоғары оқу орындарында оқитын 2800 студенттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін кем дегенде 8 заманауи жатақхана салу жоспарланған. Мыңдаған ақтөбелік бизнесті ашу және дамыту үшін шағын несиелерді пайдалана алады. Бұл халықтың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы, облыс бойынша шағын несиелеуге 4,9 млрд. теңге қарастырылады. Оның ішінде ақшаның дені ең алдымен ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға аударылмақ.

Отырысты тәмамдаған Бердібек Сапарбаев мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, өндіріс қарқынын ұлғайту, сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі