Б.Сапарбаев: шаруа қожалықтары Ақтөбе ет кластерінің мысалында бірігулері керек

23 ақпан, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ойыл ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтары мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Саралжын ауылдық округінде өңір басшысы "Айтан" ШҚ-да болды. 
Шаруашылық  төрағасы Ерлан Мұханов "Бизнестің жол картасы- 2020" бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау  шараларын пайдалана отыра 120 "қазақы ақ бас" ірі қара малын сатып алғанын айтты. Ірі қара мал санын тағы сексен басқа  көбейту жоспарда бар.

Б.Сапарбаев сонымен қатар, "Тəжібай агро" ЖШС-не де барды. Шаруашылық басшылығы "Актеп" ЖШС-нен "Ангус" тұқымының жүз бас  сиырын жалға алған.

"Актеп" ЖШС базасындағы Ақтөбе ет кластерінің айналасындағы шағын шаруа қожалықтарды біріктірудің артықшылығын атап өткен облыс əкімі шаруаларды мал шаруашылығын белсендірек дамытуға шақырды.

- Мұндай шаруа қожалықтары облыстың əрбір ауданында болу керек. Біздің басты мақсатымыз - ет өндірісі мен ет өнімін арттыру. Осылайша біз, ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етіп, артығын экспорттағымыз келеді,-деді Б.Сапарбаев.

Ол сондай-ақ, республикадағы тұңғыш «Шаруаларға қызмет көрсету орталығын» құру жоспары туралы да айтты.

- Біз «Шаруаларға қызмет көрсету орталығын» ашып, соның аясында жүзеге асырылатын малдың бірыңғай электрондық базасын енгізгіміз келеді. Аукцион мен  тірі мал мен ауыл шаруашылығы техникаларын сататын алаң ұйымдастырылды. Сол жерде ауыл шаруашылығын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсететін қаржы институттарының өкілдері орналасатын болады, - деп қосты облыс әкімі.

Еске салайық, осы жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысына Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев бастаған Қазақстандағы барлық ірі ауылшаруашылық құрылымдары мен кәсіпорындардың басшылары келген болатын. Сапарлап келген делегация «Актеп» ЖШС жұмысының тәжірибесімен танысты.

 Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 2012 жылдан бастап асыл тұқымды мал өсірумен айналысады, 11 000 бас ірі қара мал бордақылайтын алаңы мен қуаттылығы жылына 7200 тоннадан астам өнім болатын ет өңдеуші кешені бар. Бүгінде кластер барлық облыстағы 350 шаруа қожалығымен серіктес. Мұндай         серіктестік «Актеп» ЖШС-мен қатар қарапайым шаруалар үшін де өте тиімді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі