Б.Сапарбаев "Қазақстандағы ҚҰМГК интернационал" ЖШС басшысымен кездесті

29 тамыз, сейсенбіде Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев "Қазақстандағы ҚҰМГК интернационал" ЖШС (CNPC)  бас директоры Биан Дыжымен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен ағымдағы жылы жоспарланған өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу сұрақтары талқыланды.

"Мемлекет басшысы 2017 жылы экономика өсімін кем дегенде 4,5%-ға жеткізуді тапсырды. Бұл үшін біз экономиканың барлық секторының, соның ішінде мұнай-газ саласының даму қарқынын сақтауымыз қажет",-деді Б.Сапарбаев.

Осыған байланысты облыс əкімі мұнай өндіру көлемінің төмендемеуіне, жұмыс орындарының сақталуына, жұмысшылардың еңбекақы деңгейін арттыруға, жұмыс пен қызметті сатып алудың жергілікті мазмұндағы үлесінің өсуіне, сонымен қатар, қазақстандық мамандарды оқытуға баса назар аударды.

Бұдан өзге, Б.Сапарбаев пен Биан Дыжы Ақтөбеде Ақтөбе облысы мен "СНПС- Ақтөбемұнайгаз" компаниясының 20 жылдық серіктестігіне арналған мерекелік шараны өткізу сұрақтарын талқылады.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметті