Білім. Ғылым .Өндіріс

Еліміздегі 85 жылға жуық тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық университеті ауылшаруашылығындағы инновациялық технологияларды Ақтөбе жерінде енгізуге күш салмақ. Бүгін облыс әкімдігі мен оқу орнының арасында  ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісімнің басқа да маңызды тұстарын Венера Серғазина айтып береді. .

Бұған дейін ғалымдар Ақтеп Айс парижскачя коммуна секілді   өңірдің ірі  аграрлық ұйымдарының жұмысмен танысқан болатын. содан соң, облыс әкімі  ғалымдармен бірге ауылшаруашылдық колледжінің  оқу-өндірістік  жағдайымен танысып,  аралап көрді.  Ауылшаруашылық саласын ғылыммен ұштастыру, оның дамуына ықпал ету. Маман даярлау. Осы мәселелер  алқалы жиынға арқау болды. ауылшаруашылық  тауар өндірушілері, осы саланың мамандары қатысқан кеңейтілген  кеңеске қазақ ұлттық аграрлық университеттің ректоры Тілектес Есполов бастаған бір топ ғалымдар  келді. Шараның мақсаты  облыс шаруашылықтарында инновациялық технологияларды енгізу. Ғылым білім өндірісті ұштастыра отырып, көптеген өзекті мәселелерді шешу

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кеңесте университеттің ректоры Тілектес Исабайұлы баяндама жасады. Қазір аталған оқу орнында біздің өңірден небәрі 30 студент білім алуда. Университет ректоры атап өткендей  5 мыңнан аса  агроқұрылымы бар өңір үшін  кемінде 200-дей  маман қажет.  Жалпы облыста осы саладағы  мамандар  жетіспейді.   Сондықтан  аграрлық оқу орны осы олқылықтың орнын толықтыруға әзір екенін жеткізді. Өңірде ғылым-білім  орталығы  құрылып, ауылшаруашылық мамандарын даярлайды.  Ғалымдар бұған қоса мал басын көбейту, етті қой тұқымдарын дамыту туралы  өз ойларын ортаға салды. 

ТІЛЕКТЕС ЕСПОЛОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ РЕКТОРЫ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР,  ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ

Кеңінен талқыланған тағы бір мәселе  кооперативтерді қалыптастырып, шаруа қожалықтарын ірілендіру. Бұл туралы оқу орнының профессоры Укиляй Керимова сөз алды. ол өз сөзінде осы шараның шаруа  үшін тиімді тұстары туралы баяндап берді. 

УКИЛЯЙ КЕРИМОВА, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРМАНЫҢ  БАСШЫСЫ

Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде өткен жиында облыс  басшысы қорытынды сөз сөйледі. Облыс әкімдігі мен аграрлық университет арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

 

 

 

Қосылды: 
31.03.2016 - 18:01
Соңғы өзгерiстер: 
07.09.2016 - 16:51