Бірнеше облыстардың балалары демалды

Өңіраралық кооперация аясында еліміздің бірнеше облысының балалары Ақтөбе лагерьлерінде демалатын болады. "Ақбөбек-Восток" балаларды сауықтыру мекемесіне барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осындай бастама көтерді. Орталық құрылтайшысы  Күлпаршын Айдарханова, өз мекемесінің балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып келе жатқанына 16 жыл болғанын жеткізді. Осы уақыт аралығында 15 мың бала демалған. 15 гектар аумақта орналасқан лагерде барлық жағдай жасалған. 6 кезеңнің әрқайсысында 250 бала демалады. Олармен жұмыс істейтін педагогикалық ұжымның тәжірибесі мол. Жыл сайын жазғы каникул кезінде, 50-ге жуық мұғалімдер мен студенттер жұмыс істейді. Балалар күніне бес мезгіл тамақтанады. Үш, екі қабатты жатын орындары,  медициналық блок, кино, концерт залы, спорт алаңдары және шахмат, дойбы, дизайн, қолданбалы өнер үйірмелері бар. Лагерді аралап көрген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, мұнда мектеп оқушылары үшін жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Облыс аудандарының балалары және өңіраралық кооперация аясында Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының оқушылары да демалуға болатынын айтты. Сондай-ақ, облыс басшысы "Мұнайшы" сауықтыру лагерінде де болды.

Қосылды: 
01.06.2016 - 11:11
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:35