Бір жыл ішінде Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылық өндіріс көлемі 22 % өскен

You are here

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығына Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов мәлімдеді.

2016 жылы ауданның барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерімен жалпы көлемі 19,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 122,0% құрайды. Жалпы егіс көлемі 166,5 мың.га құраса, оның 123,9 мың.га дәнді дақылдар, 5,0 мың.га майлы дақыл, 37,2 мың.га жемшөп дақылдары, 296 га картоп, 117 га көкөніс және 38 га бау-бақша дақылдарын құрайды. 123,9 мың га жерге егілген дәнді дақылдардан гектарына 14 центнерден өнім алынып, 173,1 мың тонна астық жиналды.

Ауданда жыл бойы көкөніс өсіру бойынша шаралар қолға алынуда. Соның бірі «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7,0 млн. тенгеге жалпы көлемі 270 шаршы метр жылыжай ғимараты салынды. Жылыжай тамшылап суару тәсілімен қияр өсіріп отыр. Болашақта жылыжай көлемін және өндірілетін өнім түрлерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

* Соңғы екі жыл ішінде ауданда Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекетік бағдарламалары жақсы орындалуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруда аудан бойынша төленген субсидия көлемі 209,5 млн. теңгені құрады. Алдағы жылы Ақтасты ауылдық округі және Аралтоғай ауылдық округінде сүт өнімдерін өңдеуді дамыту жоспарлануда, - деп атап өтті аудан әкімі

Аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласымен қатар өндіріс көлеміне де тоқталды. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы ауданның өнеркәсіп өндірісі көлемі 1,5 млрд. теңге немесе 103,3% құрады.

 

«Ақтөбе ақпарат» орталығы

Жаңалықтар таспасы