Бөлінген қаражат тиімді пайдаланылуы керек

You are here

Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражатты тиімді пайдалануға кеңес берді. Ауыл шаруашылығын дамыту, соның ішінде мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдалану мәселелері Ақтөбе облысының әкімдігінде облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен кеңесте қаралды. Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген субсидия көлемі 2013 жылдан бері жыл сайын 2,2 есеге артып келеді. Алайда, кеңес барысында облыс әкімі өндірістің көрсеткіштері артпағанын сынады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кеңес барысында айтылғандай, бүгінде өңір үшін астық, ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату, жұмыртқа өндірісі мен құнарлы жерді сақтап қалу мәселелері өзекті болып тұр. Үлкен емес шаруа қожалықтарында көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Оларды ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне біріктіру арқылы жағдайды реттеуге болады. Айта кетейік, Ақтөбе облысында биылғы жылдың алты айында 41 өндірістік кооператив құрылды. Пайдаланылмай жатқан суармалы алқаптарды қолданысқа беруде оң өзгеріс байқалады. Кеңес барысында Ақтөбе қаласында индустриалды-аграрлы аумақ құруды тездету және ветеринарлық бақылау сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

 

Қосылды: 
14.07.2016 - 16:37
Соңғы өзгерiстер: 
22.09.2016 - 09:24

Жаңалықтар таспасы