Б. Сапарбаевтың төрағалығымен алқа мәжіліс өтті

You are here

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков, облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Қалдығұлова, аудан және қала әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қоғам қайраткерлері,мәслихат депутаттары, Ақтөбе облысының прокуроры мен облыстық Сот төрағасы және құқыққорғау органдарының басшылары қатысты. Отырыс барысында, негізінен Елбасы тапсырмасының орындалуы, облыстың 9 айдағы әлеуметтік - экономикалық дамуы және экономиканы дамытудың қосымша резервтері мен статистикалық мәліметтерді реттеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы үш мәселе қаралды. 

Облыс әкімінің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, экономикадағы тұрақтылықты, жұмыс орындарын сақтау, азық - түлік пен дәрі-дәрмек бағаларының негізсіз өспеуіне жол бермеу - басты міндет. Ал, өндіріс, құрылыс саласындағы кемшіліктер мен өңірге инвестиция тарту, жыл соңына дейін толық орындалуы керек. Негізгі мақсат үшеу: біріншісі, Ақтөбе облысында |Президент тапсырмаларының орындалу барысы, екіншісі - өткен тоғыз айдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау және соңғысы - экономиканың бұрын ескерілмеген салаларын жаңғырту мен статистикалық есептілікті түзеу. Өйткені, әлемдік дағдарыстың салқыны шарпыған Қазақстанда үнемдеу арқылы ілгерілеудің қадамдары жасалуы тиіс.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өткен тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіруден түсетін табыс, инвестиция және бюджетке әжептәуір көмегі бар құрылысы саласының қарғыны төмендеген. Облыс әкімі осы жетпестің орнын толтырудың нақты жолдарын көрсетті және барлық деңгейдегі басшыларға бұрынғы енжарлықтан арылуды тапсырды. Әкімшілік шығындарды қысқартып, шикізат бағасына тәуелділіктен құтылғанның тасы өрге домалайды. Әсіресе, жұмыс орындарын қысқартпау, азық түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу туралы облыс әкімі кесіп айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыстың экономикалық көрсеткіштері туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева баяндама жасап, негізігі жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталды. Экономикасы тежелген бірқатар аудандарының әкімдерін облыс басшысы орындарынан тұрғызған тұрғызған сәтте әкімдер кібіртіктеп, жетпестің орнын жыл соңына дейін толтыратынын айтып ақталды. Мәселен, Темірде әлі түйіні шешілмеген мәселе көп.

БАУЫРЖАН ҚАНИЕВ, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Өз салалары бойынша жіберген кемішіліктері үшін білім және денсаулық, спорт басқармаларының басшылары да орындарынан тұрып, облыс әкімінің нақты тапсырмаларын өзгелерден ерекше естуге мәжбүр болды. Мәселен, балалар қылмысы тыйылмай тұр, ал жастар арасында суицид көп. Дәрі-дәрмек негізсіз қымбаттаған ауылдар бар, дәрігер маман жетіспейтін медициналық мекеме аз емес. Спорттық нысандар аз, барының материалдық-техникалық базасы әлсіз. Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев алдымен облыстың экономикалық даму мүмкінідігін пысықтап, болашақта ілгері бастыратын салаларға тоқталды. Бюджетті толықтырар қадамдарды атап өтті.. Сондай-ақ, іс пен сөздің, яғни статистиканың нақты жұмыстардан алшақтығына байланысты мәліметтер келтірді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қиюы қашқан сандарға байланысты статистика департаментінің басшысын да орнынан тұрғызып, есепті ескі әдістемені сылтау қылмай, айқын жүргізуді талап етті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларына артылған жүк жеңіл емес. Бірақ, бұл тапсырмалар - олардың ұйқылы- ояу кейіптен арылып, нақты атқаратын істері. Барлық саладағы өнімдерді қайта өңдеу, инвестиция тарту, ең бастысы салық мәселесі, бюджеттік түсімді қамтамасыз ету - әкімдердің парызы. Ал, халықпен тығыз байланыс орнатып, мұң-мұқтажын тыңдауға - міндетті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі жиыннан соң облыстағы барлық деңгейдегі депуттар да тыным таппай, базардағы бағаны бақылауға алуы тиіс. Барлық басшылар Президент тапсырмасын орындауда жұдырықтай жұмылуы керек. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен өткен алғашқы алқа мәжілісі нақты тапсырмалар мен ескертулер бұлжымай орындалуы керек. Бұл - ілгерілеудің белгісі. Ал, жоспарлы міндеттердің атқарылуына екі ай уақыт қалды.

 

 

Қосылды: 
03.11.2015 - 16:33
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 09:35

Жаңалықтар таспасы