Б. Сапарбаевтың қатысуымен маслихат сессиясы өтті

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. 2015-2017 жылдарға арналған бюджетке толықтырулар енгізу мәселесін пысықтаған депутаттар қазынаның үнемделген қаражатын қажетті салаларға бөлуге дауыс берді.

2015 жылдың бірінші қазанындағы жағдай бойынша облыс бюджетіне 62 миллиард 244 миллион теңге түскен. Жыл соңына таяу қазына қаржысы нақтылана келе 1 миллиардтан аса теңге қосымша жұмыстарға бөлінетін болып шешілген.

РУЗИЯ АЙДАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мемлекеттік сатып алулар нәтижесі және басқа да себептер бойынша 853,4 миллион теңге сомасындағы нақты үнемдеу, оның ішінде үнемдеу көп басқармалар: білім беру - 177,5 миллион теңге, экономика және бюджетті жоспарлау - 66 миллион теңге,  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 53,9 миллион теңге, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар - 41,8 миллион теңгені құрайды.

Үнемделген қаражат бітпеген құрылыстарды жалғастыру, жобаларды қоса қаржыландыруға бөлінеді. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан қолдаған соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сөз алып, депутатарды облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және алдағы жоспарларымен таныстырды. Облыс басшысының айтуынша, елдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Бірақ, экономикалық салада жыл соңына дейін пысықтайтын мәселе жеткілікті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жуырда облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған арнайы жұмыс тобы өндірістік және басқа да салалардағы өнеркәсіп орындарының даму мүмкіндігін саралайды. Нақты талдау жүргізіп, кәсіпорындардың жұмыс орындарын қысқартпау, өндіріс көлемін арттыру немесе тұрақтандыру бағытындағы шамаларын межелеуі тиіс. Бірақ, алдымен нақты есеп жүргізетін статистика саласы бір жөнге келтіріледі. Бұл облыс әкімінің нақты ұсынысы.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс басшысы елді аралау барысында білім, мәдениет және спорт салаларының ақсап тұрғандығына көз жеткізген. Әсіресе, құлағалы тұрған мәдениет үйлері мен білім мекемелері жеткілікті. Облыс бойынша қазір 47 мектеп саман кірпіштен, 12 мектеп ағаш, ал тағы 8 мектеп қамыстан салынған күйі тұр. Үкіметтің келісімі арқылы оларды жаңарту қолға алынады. Ал, бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы бойынша Ақтөбе облысы елде соңғы орындарда. Осындай түйіткілді мәселелерді айта келе, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барлық жетістіктің тек ауызбіршілік пен жеке жауапкершілік және бірліктің күшімен келетіндігін атап өтті.

 

Жаңалықтар таспасы