Б. Сапарбаевтың қатысуымен қала активі өтті

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен "Ақтөбе қаласының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2016 жылға арналған тапсырмалар туралы" мәселесі бойынша актив отырысы өтті. Алқалы жиында қала әкімі Бекбол Сағын баяндама жасады. Тақырыпты Серік Әбдібек толықтырады.

Актив отырысын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ашты. Қалалық деңгейдегі депутаттар, мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтердің, кәсіпорындар мен бизнес құрылымдардың басшыларының алдында облыс әкімі жиынның негізгі міндеттерін айтып берді. Алғашқы мүдде - Елбасы тапсырмаларын мүлтіксіз орындау. Жұмыс орындарының қысқартылуына жол бермей, әлеуметтік-экономикалық саладағы өсімді сақтап қалу. Әрине, қосымша кіріс көздерін іздеу де керек.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Құрылыс пен инвестиция тарту саласындағы кіріс көздерінің азайуына байланысты облыс қазынасына биыл межеленген жүздеген миллиард теңге жетіспей тұр. Ал, бұл олқылықтың орнын Ақтөбе қаласының ортайтуға мүмкіндігі бар. Баяндама жасаған қала әкімі Бекбол Сағынның айтуынша, Ақтөбенің дамуында тұрақтылық бар. Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 233 миллиард теңгенің өнімін өндірген. 5 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жаңадан 400 жұмыс орны ашылған. Кәсіпкерлік субъектілерінің 82 пайызы белсенді жұмыс жасап келеді.

БЕКБОЛ САҒЫН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қала әкімі ауыл шаруашылығы саласына тоқтала келе, Ақтөбе қаласы бойынша жеке қоралардағы мал басы мен үй құстарының ондаған есеге азайып кеткендігін де атап өтті. Қуаңшылықтың салдарынан егістік көлемі де қысқарып, бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарыла бастаған. Тиісінше, азық түлік бағасының негізсіз қымбаттамауы үшін күнделікті талдау жасалып отыр. Ал табыс салығы түсімі азайып кетсе де, салықтың басқа түрлері бойынша өсім бар. Осылайша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық саласы қамтылған баяндама соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала әкімінен кейбір мәселелерді талдап беруді талап етті.

БЕРДІБЕК, САҒЫН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мемлекет пен жеке бизнестің әріптестігіне байланысты да қала әкіміне сауал берілді.

БЕРДІБЕК, САҒЫН АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тергеуінен қала әкімінің орынбасарлары да құтылған жоқ. Өйткені, өзіне бағытталған сауалдар арқылы халықтың мұң-мұқтаждығынан хабардар облыс әкімі қаланың суы мен жылуы, жолдарының қардан аршылуы, балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарының өтуі мен салық түсіміне дейінгі мәселелерді жақсы біледі.

ЖАНДОС БАЙЫРХАНОВ, АЙГҮЛ АРЫНҒАЗИЕВА, ҚУАНТҚАН ӘЛІМОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Актив отырысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қорытындылап, Ақтөбе қаласы әкімі мен оның орынбасарларына, жиналған жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, қала билігі есеп, талдау және бақылау деген ұғымдарды естен шығармауы тиіс. Ол үшін қосымша кіріс көздерін анықтауға арналған жұмыстар жалғасуы тиіс. Ақтөбені іс жүзінде еліміздің батыс аймағының орталығына айналдыру үшін 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын дайындау, селолық округтер арқылы Ақтөба қаласының аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастырып, тұрғындарды арзан өніммен қамту керек. Ал, жер телімдерінің баяу бөлінуіне байланысты да қала әкіміне нақты тапсырма берілді.

Сонымен қатар, мемлекеттің қалыптасуы кезінде әлеуметтік нысандарды су тегінге алып, бүгінде банктерге кепіл ретінде қойып ғимараттарды қараусыз қалған кәсіпкерлердің тәубесіне келуі туралы да айтылды.

Облыс басшысы бюджеттік мекеме иелігіндегі автокөліктерді де газға көшіру туралы нақты мерзімді белгілеп берді. Әрі кеткенде алдағы жылдың алғашқы жартысында бюджеттік мекеме көліктері тек сұйытылған газбен жүруі тиіс. Облыс әкімінің есебінше, тек бюджеттік мекеме көліктерін газға көшіруден ғана қазынанының 500 миллион теңгесі үнемделеді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының отбасылық фермаларды дамытуы тиіс 4 өңірдің қатарына кіргендігін де атап өтті. Ал, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жаңа жылға дейінгі екі күнде ғимараттарын толық безендіріп болуы тиіс. Өйткені, халықтың мерекелік көңіл күйін қалыптастыру келесі жылға белгіленген ауқымды шараларды тың серпінмен игеруге жігер береді.

Жаңалықтар таспасы