Б. Сапарбаев АЗХС меморандумға қол қойылды

You are here

Ақтөбеде ірі кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтап қалу туралы үш жақты келісімге қол қойды. Ақтөбе хром қосындылар зауыты ұжымы жаңа еңбек кодексі жұмысшылар үшін тиімді деп отыр. Зауыт ұжымымен бүгін облыс әкімі Б.Сапарбаев кездесті. Жиынды зауыт басшысы Алексей Химич өткен жылды қорытындылаған баяндамамен бастады.

Зауытта бүгінде 3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өткен жылы жұмыстың ауырлығына байланысты шығып кеткен 270  адамның орнына жас мамандар алып, оқытып, қайта даярлықтан өткізіпті. Орташа жалақы 96 мың тенге көлемінде. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырығанда 4 пайызға кеміген. Әлемдік дағдарысқа байланысты зауыт өніміне сұраныс аз да болса, төмендегені байқалады. Осыған қарамастан, кәсіпорын басшысының айтуынша, биыл 1-ші қаңтардан бастап жұмысшылардың жалақысы 10-15 пайызға өскен.  Өнім өндіру көлемі азайса да, жұмыс орындарын мейлінше тұрақты сақтап отырмыз дейді зауыт басшылығы.

АЛЕКСЕЙ ХИМИЧ, БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Мен еңбек ұжымына ешқандай қысқартулар, жұмыстан шығарулар болмайтынын ескертемін. Осы құраммен ел иглігі үшін еңбек етуді жалғастырамыз. Зауыт үшін ең бастысы әрине адамдар, сіздер кәсіпорынның болашағысыңдар. Басқарама мен директорлар кеңесі ұжымды сақтап қалу,  жұмысты тоқтақпау секілді іс-шараларды басты назарда ұстауда. Осы жылы өндіріс көлемін көтеріп, өнімді арттырумыз қажет.

Ұжымдық келісім шарттың барлық талаптары орындалуда. Медициналық тексеру ақысыз, әрі санаторийде тегін ем алуға мүмкіндік қарастырылған. Былтырғыдай ауқымды жылдық  жоспар жоқ, әр айды тапсырысқа сай межелеп отырмыз. Енді бар мүмкіндіктерімізді пайдаланып, жұмыс орындарын сақтап қаламыз дейді зауыт басшылығы. Ал зауыт жұмысшылары сөз кезегі тигенде көшелерді жөндеу, жарықтандыру,  автобуспен қатынау мәселері төңірегінде шағымдарын айтты.

СВЕТЛАНА  ЯСЫРИНА, ТЕХНОЛОГ-МАМАН

Біздің жұмысшылардың көпшілігі жұмысқа жаяу келуге мәжбүр. Тас жолда жаяу жүргіншілерге арналған жиек жол жоқ. Ал көше түнде тас қараңғы. Әсіресе, қыс айларында қараңғы ерте түседі, зауытқа жаяу келетіндер үшін өте қиын.

АЛЕКСЕЙ  КОСЯК, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ

Біздің зауытқа "Сапар" серіктестігіне қарасты нөмірі төртінші маршрут қатынайды. Қоғамдық көлік кешкі 21.00-ден кейін тоқтай бастайды. Қарапайым жұмысшылардың жеке көлігі жоқ қой. Жұмысқа аусыммен қатынайтындар үшін мүлдем қиын. Осы жағын шешу мүмкін бе?

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біздегі көлік компаниялары мемлекеттік сатып алу тендерлеріне қатысқан кезде аспандағы айды алып беретіндей уәдені үйіп-төгеді. Оның ішінде жолаушыларға жылы да, ыңғайлы автобустар, кестеге сай жүру тәртібі керемет болады деп уәде береді.  Ал, шынтуайтына келгенде тендерді ұтып алғаннан кейін бұның бәрі бос сөз болып қала береді. Келісім-шартта көрсетілген талаптар мүлдем оырндалмай жатыр. Мұндай шағымдарды қала тұрғындарынан жиі естіп жатырмыз. Әсіресе кешкі уақыттарда,  демалыс, мереке  күндері алыс аялдамаларға қоғамдық көліктің қатынау қиынға соғады екен. Үй аулалары болса, автотұраққа айналған. Балалар үшін ойын алаңдары жоқ.  Осындай үйлердің аулаларын да тәріптке келтіру керек.

Жалпы, өңірде 2014 жылмен салыстырғанда өткен жылы мұнай газ бен металлургия  саласы кәсіпорындарынан түсетін бюджеттік түсімдер 20 пайызға кеміген.  Кездесу соңында облыс әкімідігі мен кәсіпорын басшысы және аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Дағдарысқа қарамастан, біз ең бастысы жұмыс орындарын сақтап қалуымыз керек. Әрі жалақыны уақтылы төлеп тұруға міндеттеме аламыз. Жалақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді дер кезінде беру үшін әрине, жұмыс жасау керек. Сондықтан, нарыққа, қазіргі жағдайға бейімделіп, жұмыс істеуге кіріскен жөн. Біз жастарды Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020 мемлекеттік бағдарламасы арқылы оқытайық. Қайта даярлау арқылы бар мүмкіндіктерді пайланған тиімді болмақ.

 

 

Жаңалықтар таспасы