Б. Сапарбаев аймақта діни ахуалдың бақылауда болуын тапсыруда

You are here

Ал аймақтағы діни ахуалдың жай-күйі бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте күн тәртібіне қойылды. Жиынға облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, қауіпсіздік комитеті, прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметкерлері және облыстың бас имамы қатысты. Бүгінгі күні облысымызда 89 діни бірлестік тіркелген. Олардың 65-і - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер. Сондай-ақ, 8 православтық ұйым бар, басқалары - католиктік, протестанттық, кришнаиттық бағыттағы ұйымдар. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қазір әлемде, әсіресе, араб және Еуропа елдерінде орын алып отырған оқиғаларға байланысты діни ахуалдың әрдайым бақылауда болуы керектігін, бұл тұрғыда арнайы іс-шаралар қабылдану керектігін атап өтті. Жиында облыстағы діни ахуалға талдау жасалып, дәстүрлі емес көзқарастағы азаматтармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ заңсыз салынып жатқан діни ғимараттарды, басқа да заңсыз әрекеттерді қадағалап, шара қолдану қажеттігі айтылды.

 

 

Жаңалықтар таспасы