Б. Сапарбаев ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

You are here

Енді өңір жаңалықтарына келейік. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дүниежүзілік қарттар күніне орай ақтөбелік соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтады. Мейрамханада өткен шара барысында облыс басшысы тәуелсіздігіміздің негізін қалауға өлшеусіз үлесін қосқан қарияларға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.

Ақсақалдардың әрбірімен қол алысып амандасып, жылы лебізін білдірген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мерекелік шараны бастап берді. Елбасының тапсырмасымен атқарушы билік ел өңірлерінде азық-түлік және дәрі-дәрмек бағасының қымбаттамауын бақылауға алған. Бүгінде Ақтөбе облысында 82 мыңнан астам зейнеткер бар. Оларға көмек ретінде  биылғы жылдың өзінде бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Мәселен, ақтөбелік қариялар қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімінің атынан жайылған дастарқанға кезінде басшылық қызмет атқарған, аймақтың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-мәдени дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері шақырылды. Тиісінше, емен-жарқын әңгімелер елдің бүгіні мен болашағына арналды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты тұрақты болғандықтан, біздің елімізде қарттарға барлық жағдай жасалған. Президенттің саясаты да ата дәстүрімізді баянды жалғастыру.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірмановтің айтуынша, бүгінде облыс әкімінің тарапынан барлық аудан және ауыл әкімдеріне қарияларға құрмет көрсетуге байланысты тапсырма берілген. Сондықтан, қазан айын тұтастай қамтитын қарттар мерекесінде ықыласқа зәру ешбір жан ұмытылмауы тиіс.

КЕҢЕС БІРМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мерекелік көңіл күйді Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филормонияның өнер ұжымдары өрнектей түсті. Ән шырқалды, би биленді, ең бастысы, ардагерлер қауымы дән риза болды.

 

Қосылды: 
06.10.2015 - 17:28
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 12:16

Жаңалықтар таспасы