Б. Сапарбаев ардақты аналар құрметтелді

You are here

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев елге қадірлі, өнер мен мәдениет, экономика саласында еңбегі бағаланған ақ жаулықты аналардың үйлеріне барып құттықтады. Мәселен, Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық иегері Сәрсенғали Ешпаевтың жары Шынкүміс Ешбаеваны, өткен ғасырдың сексенінші жылдары басшылық қызметте болып, облыстың үздік экономисті атанған Валентина Мыслинаны, неміс басқыншыларына қарсы соғысқа өзі сұранып барған, екінші Украин майданында байланысшы болған Зинаида Гусманованы және белгілі өлкентанушы, музей саласының ардагері Рысжан Ілиясоваларды облыс әкімі арнайы құттықтап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Облыс басшысы қариялардың шаңырағында тізе бүгіп, елдің бүгіні мен болашағы туралы жоспарларымен бөлісті. Дастархандарынан дәм татты. Қарияларға аман-саулық тілеп, қарттарға жасалып отырған қамқорлықтарды сөз етті. Өз кезегінде зейнеткерлікке шықса да, елдің рухани өмірінен алыстамаған Рысжан Ілияова облыс әкіміНЕ өзінің ұсыныстарын да айтты.

 

Жаңалықтар таспасы