Б. Сапарбаев Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында

You are here

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Ақордада өткен кездесуде аймақ басшысы Елбасына 2015 жылы атқарылған шаруалар барысын баяндады. Бердібек Сапарбаев өңірдегі азық-түлік бағасының қалыпты жағдайда екенін айтты. Президент қолда бар мүмкіндіктерді мейілінше тиімді пайдаланып, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарта түсуді тапсырды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Ақтөбе өндірісі өркендеген және экономикасы әртараптанған өңір. Мұнай бар. Ауыл шаруашылығы бар. Кешегі менің халыққа жолдаған үндеуіме байланысты  елмен жұмыс істеу, түсіндіру керек. Бұл бізідң кемшілігіміз емес, бұл бүкіл дүниежүзілік дағдарыс.Олардан шығудың жолы қазір жұмыс орындарын ұстап,  шағын бизнеске беріп отырған қаржыны жақсылап жұмсап, «Нұрлы жол» бағдарлмасын барлық жерпде реттеп, қанша жұмыс орындарын ашылуда. Қытайдан келетін жол жүріп жатыр ғой. Осының төңірегінде жұмыс орындарын салып, авто және темір жол бойында компаниялар болса барлығы жұмыс табады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жұмыспен қамту жұмыссыздықты көбейтпеу, қазіргі кезде жұмыссыздық былтырғы жылмен салыстырғанда 4,8 пайызды құрайды. Уақтысында жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны беру туралы тапсырма орындалды.

 

Қосылды: 
21.01.2016 - 10:52
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 10:05

Жаңалықтар таспасы