Б. Сапарбаев Атырау мен Ақтөбе құтқарушылар марапаттады

You are here

Көктемгі су тасқыны кезінде қауіпті аумақтарда қызмет еткен ақтөбелік және атыраулық құтқарушылар марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, алғыс хаттар табыс етті. Екі облыс гарнизоны қызметкерлерінің бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде, өңірде төтенше жағдай тіркелген жоқ деді облыс басшысы.

№3-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылған салтанатты шара, көктемгі су тасқыны кезінде еңбегімен еленген құтқарушылардың құрметіне арналды. Облыс әкімі қыс айларында қардың мол жауу, көктемгі жауын-шашын суға кетеді деп болжанған аймақтарға қауіп төндіргенін айтты. Бірақ атыраулық құтқарушылардың ақтөбелік әріптестеріне келіп, көмектесуі төтенше жағдайдың алдын-алуға мүмкіндік берген.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Көктемгі су тасқыны кезінде Атыраудан 50 құтарушы келіп, біздің өңірде екі апта бойы қызмет етті. Осы аралықта ақтөбелік әріптестерімен бірге өзен-көлдердің арнасынан тасып кетпеуі үшін жағалауларды құм толы қаптармен қоршап, арықтар мен су ағарларды тазартты. Су қоймаларының тәуліктік деңгейін бақылауда ұстады. Қауіпті аумақтардан 278 мың текше метр қар суы сорылып, жеті мың тоннадан астам инертті материал төсеген. Олар облыс орталығынан өзге, Хромтау және Қарғалы аудандарында да күні-түні жұмыс істеді. Нәтижесінде, төтенше жағдай болған жоқ. Құтқарушыларға бүгін облыс әкімі ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті. Олардың арасында, еріктілер де болды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Салтанатты шара барысында, қыс айларында қар құрсауында қалған көліктер мен жолаушыларды алып шыққан мамандар да марапатталды. Жалпы, өткен қыста облыстық автокөлік жолдарында 140-қа жуық құтқару жұмыстары жүрген. Нәтижесінде, 400-ден астам адам құтқарылған. 

РУСТАМ ЖАНҚҰЛОВ, ҚҰТҚАРУШЫ

Жол бойында әртүрлі жағдайлар болды. Қар құрсауында қалған жолаушыларды құтқару, аса жауапты іс деп білем. Аман есен алып шыққанда, іштей риза боласың. Алғысын айтқандар да көп болды.

БАУЫРЖАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ 

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша Ақтөбе мен Атырау облыстарының гарнизондары арасындағы байланыс бұрыннан бар. Бұған дейін де біздің құтқарушылар бірнеше рет көрші аймақта қызмет атқарған. Бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде, тәжірибе шыңдала түсті дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

 

 

Жаңалықтар таспасы