Б. Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

You are here

Елбасының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып  тағайындалды. Бүгін ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ақтөбе облысының активіне аймақтың жаңа әкімін таныстырды. Облыстық мәслихат депутаттары Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.  Алоблыстың бұрынғы басшысы Архимед Мұхамбетов президент жарлығымен Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.

Актив жұмысына мемлекеттік мекемелер басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты. Ақтөбе облысы әкімі қызметін 2011 жылдың шілдесінен бастап атқарып келген Архимед Мұхамбетовке Үкімет басшысы алғысын айтып, Бердібек Сапарбаевқа жаңа қызметте табыс тіледі. 

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев  1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өңірдің жаңадан тағайындалған әкімі Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына қосқан үлесін атап өтіп, мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындауда табыс тіледі.

КӘРІМ МӘСІМОВ, ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІ:

- Бердібек Машбекұлы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімі, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарды. Премьер-Министрдің орынбасары болды. Бердібек Сапарбаев облыс активімен, мәслихат депутатарымен бірлесіп, елбасы қойған міндеттерді өңірде табысты жүзеге асырады деп сенемін. 

Жаңалықтар таспасы