Б. Сапарбаев: Ақтөбе облысы Израильмен агроөнеркәсіп кешені мен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық жасауға ниетті

You are here

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде өтіп жатқан қазақстан-израиль бизнес форумы кезінде бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатындығын жеткізді. Қазақстан мен Израильдің іскерлік ортасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында израиль тарпына өңірдің әлеуетін таныстыру, инвесторлар үшін ынталандыру пакеттері, В2В форматындағы кездесулер мен экономиканың басым салалары секілді ірі іс-шаралар өткізілуде. Бизнес-форумның ұйымдастырушылары - Ақтөбе облысының әкімшілігі мен Израильдің Қазақстан Республикасындағы елшілігі. Форумға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродский, Ақтөбе мен Израильдің агроөнеркәсіп, медицина, жасыл энергетика, өнеркәсіп, ақпараттық технология және т.б. салалардағы компаниялардың басшылары қатысуда. Форум барысында бірнеше әлеуетті бағыттарды атап өткен Бердібек Сапарбаев іскерлік қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық бар екенін жеткізді. Осылайша Ақтөбе билігі жас кәсіпкерлерді заманауи ақпараттық технологияларға, дамуы кешеуілдеген балаларды оңалту саласындағы мамандарды оқыту үшін Ақтөбе қаласында курстар мен семинарларды ұйымдастыратын «МАШАВ» агенттігімен ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр. Агроөнеркәсіп кешені саласында ауыл шаруашылық кооперативтерін құру мен ауыл шаруашылық жерлерін суару бойынша тәжірибелері қызықтырады. - Біз сарапшыларымыз бен жергілікті ауыл шаруашылық кәсіпорындардың өкілдерін тәжірибе алмасып, әрі қарай оны облысымызға енгізіп, қолдану мақсатында Израильге баруын ұйымдастыруды ұсынамыз, сонымен қатар облысымызда медициналық кластер құру жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан денсаулық сақтау саласын дамытуда ынтымақтастық жасау мүмкіндігін қарастырудамыз. Мен сіздердің денсаулық сақтау жүйесін дамыту, сонымен қатар алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу бойынша тәжірибелеріңіздің облыс тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге шығаратынына сенімдімін. Осыған орай, денсаулық сақтау мамандарына жұмыс орындарында, сонымен бірге Израильге барып оқу үшін курстар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыруды ұсынамыз,-деді облыс әкімі.

Бұған қоса, денсаулық сақтау саласында МЖС-ны жүзеге асырудағы ынтымақтастық бойынша ұсыныс та айтылды. Айта кетейік, 2016 жылы мемлекеттік-жеке серіктестік аясында Ақтөбе облысында үш денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталған болатын. Жобаның жалпы құны - 6,2 млрд. теге. Осы үш нысан, яғни офтольмологиялық аурухана, қалалық жедел жәрдем бекеті және қалалық балалар стомотологиялық емханасы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұдан өзге, 2017 жылы облыс әкімдігі мемлекеттік-жеке серіктестік жобасының денсаулық сақтау саласындағы құны 11,7 млрд. теңге болатын тағы 26 нысанын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Соның ішінде құны 2 млрд. теңге болатын «Жедел медициналық жәрдем ауруханасының» науқастарды қабылдау бөлмесі бар бес қабатты хирургиялық корпусының құрылысы бойынша израильдік инвесторлармен бірге жер құжаттары дайындалуда. Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – «Ақылды қала» («Smart city») жүйесін дамыту. Бұл әсіресе, халық өмірінің сапасын Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасы мен сандық экожүйесін ілгері дамыту арқылы жақсартуды жоспарлайтын «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өзекті. Облыс əкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар таспасы