Б. Сапарбаев: Ақтөбе облысы Президенттің барлық тапсырмасын орындайды

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы таяуда жеке қабылдауы кезінде алға қойылған міндеттер мен мақсаттарға арналған кеңес өткізді.

Аймақ басшысы Президенттің шешілуі жергілікті атқарушы органдар басшылығы үшін басымдық деп танылатын бірқатар нақты міндеттерді белгілегенін атап көрсетті. Ең маңызды міндет — өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту болып табылады.

- Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін біздің облысымызда әлеуеттер мен резервтер бар. Біз барлық мүмкіндіктер мен мемлекеттік бағдарламаларды барынша пайдалануымыз қажет. Президент пен Үкімет «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша біздің сынамалы жобамызды мақұлдады. Ең бастысы – құжаттамаларды дер кезінде әзірлеп, жұмысты жеделдетіп бастау қажет, - деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.

Облыстың еліміздің жалпы ішкі өнім өндіруіне экономикалық үлесі деңгейін, облыстың жалпы өңірлік өнімдер құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін көтеру мәселесі бөлек қаралды.

Облыс әкімі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 102% деңгейіндегі өсім ағымдағы жылы экономиканы одан әрі дамыту үшін жақсы негіз болып табылатындығын атап көрсетті.

Осыған байланысты аймақтың барлық экономикалық резервтері – геологиялық барлауды дамыту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртып, жаңаларын ашу, тұрып қалғандарын оңалту, өндірілетін өнім көлемін қысқартуға жол бермеу секілді бағыттар пайдаланылуы тиіс.

Облыс әкімінің орынбасарлары алдына 2017 жылға арналған жоспарлы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді белгілі бір қосымша көздерді анықтау жолымен оларды ұлғайту жағына қайта қарау міндеті қойылды.

Әкімдік жұмысының тағы бір басымдық бағыты ретінде Президент тапсырмасы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес аймақ экономикасында шағын және орта бизнестің үлесін 50%-ға дейін көтеру міндеті белгіленді. Бүгінгі күні аймақ экономикасына мұндай үлес 22% құрайды, ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша оны 25% деңгейіне жеткізу міндеті қойылды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын көтеру және суармалы жерлерді ұлғайту мәселесі талқыланды. Еуропа қайта құрылымдау және даму банкі және Ислам даму банкі — халықаралық қаржы институттарымен 19,5 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жеделдету қажеттігі туралы атап көрсетілді.

Аймақ басшысы автожолдардың сапасын көтеру мәселесіне арнайы тоқталды. Ағымдағы жылы облыс бойынша 300 километр шамасындағы автожол жөнделетін болады, бұл өткен жылғы деңгейден 2,7 есе көп. Бұл ретте бюджетті нақтылауда автожолдарды құрылымдау үшін қосымша қаржы бөлу туралы мәселе қаралатын болады. Бұдан басқа, жөнделетін жолдардың сапасына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, жұмысқа «салқын

регенерация» («ресайклинг») әдісімен — жергілікті инертті материалдарды және жаңа технологияны пайдалану тапсырылды. Салалық органдарға барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтау үшін екі апталық мерзім берілді.

Сондай-ақ 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды жақсарту мәселесі талқыланды, бұл қазіргі уақытта 92,9% құрап тұр. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 65 мектепке дейінгі балалар мекемелерін пайдалануға беру жоспарлануда, олардың 54-і бюджеттен тыс инвестиция есебінен жүзеге асады, бұл қамтуды 95%-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы аудандардың әкімдері алдына балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейін 100%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы апаттық мектептердің, ал 2019 жылға үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу жоспарлануда. Аталған жұмыстар аясында 2017 жылы ғана 23 мектеп құрылысы қарастырылды, бұл соңғы 3 жылдағыдан артық (2014-2016 жылдары –18 мектеп салынды).

Кеңес қорытындысы бойынша Президент белгілеген тапсырмаларды орындау бойынша нақты шаралар жоспарын бекітті. Бұл ретте аймақ басшысы оның орындалуын кеңестерде тұрақты тыңдаумен, ай сайынғы бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі