Б. Сапарбаев белсенді жастармен кездесті

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Қазақстан халқы ассамблеясының" салтанат залында жастармен кездесу өткізді. Бұл шара бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Оған жастар ресурстық орталығының өкілдері, студенттер, журналистер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, жалпы белсенді жастар қатысты.

Кездесуге келген, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев алдымен, жастар ұйымдарының көрмесін көріп,  өнертапқыштардың туындылармен танысты. Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясының үлкен залында өткен жүздесу барысында мемлекет тарапынан әрдайым қолдаудың барын айтты. Әсіресе, елдің болашағы жастарды жан-жақты демеуде Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Облыс әкімі жастарға мамандық таңдау да аса жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл ретте, елдің алған бағытын ескеру керек деді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дариға Исмағамбетованың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда, бүгінгі күні облыста көптеген істер атқарылып келеді. Соның ішінде, жастардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы түзеп, жақсартуға арналған 13 ресурстық орталық жұмыс істеуде. 

ДАРИҒА ИСМАҒАМБЕТОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыс әкімімен кездескен жастар, өз кезегінде түрлі сұрақтарын да қойды. Сауалдар негізінен жұмыссыздық мәселесі, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету, қолға алған істерінің дамуына жағдай туғызу, студенттерді тасымалдауды ұйымдастыру, құрылыс және жасыл ел жасақтарының қалдыпты жұмыс істеуі, рухани, мәдени орындар мен қолжетімді спорт залдары төңірегінде болды.

ЕРБОЛ ШЫМА, "ҚАЗАҚСТАН-АҚТӨБЕ" ТЕЛЕКОМПАНИЯСЫНЫҢ ТІЛШІСІ

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

НҰРЛЫБЕК МУСИН, "АТАМЕКЕН" ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Облыс әкіміне сұрақ қоюшылардың қатары көп болды. Барлығы да, жастардың атынан сөйлеп, оларды толғандырып жүрген сауалдарын қойцды. Облыс басшысы жас ұрпақ өкілдеріне қатысты мәселелермен таныс екенін айтып, жауап қайтарды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесу барысында, облыс әкімі ақтөбелік жастар республика көлемінде ең белсенді екенін атап өтті. Сондықтан да, ел игілігі үшін еңбек ету керек деді. Сондай-ақ, жастар арасындағы тәртіпке көңіл бөлу керектігін де атап өтті.

Жаңалықтар таспасы