Б. Сапарбаев: Билік пен азаматтық қоғам президент тапсырмасын орындау үшін бірігіп күш жұмсаулары қажет

Ақтөбе облысының әкімдігінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының 4 қыркүйектегі бірлескен отырысында  берген тапсырмасын орындау мәселесіне қатысты облыс активі өтті.

Бейнеконференция түрінде өткен жиында Президенттің бірқатар тапсырмаларының орындалуы, атап айтқанда, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іске асырылуы,  өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасына тарту, дәрілік заттарды бақылау және бағасын тежеу, медициналық құрал-жабдықтардың тиімді пайдаланылуы талқыланды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысы қоғамның үш базалық салалары - экономика, саясат пен сананы жаңғыртуға кірісті. Соның ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылып, оған зиялы қауым, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, партиялар мен т. б.  өкілдері белсенді түрде тартылуда. Олар қазірдің өзінде 146 мың адамды қамтыды.

Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толығырақ облыстық ішкі саясат басқармасынң басшысы Бұлбұл Елеусінова хабарлады. Ол бүгінде өзінің негізгі міндеті стратегиялық құжаттың өзін  насихаттау және оның негізгі қосымшаларын түсіндіру деп білетін облыстық комиссияның  жаңғырту бойынша алты отырыс өткізгенін жеткізді.  Сондай-ақ, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында облыстың 7 мыңнан астам халқын қамтитын ақпараттық топтар құрылды.

Баяндаманы тыңдап шыққан өңір басшысы БАҚ-та, сонымен қатар, жоғары және орта-арнаулы оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

- Қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық алты бағыты бойынша нақты жұмыстарды жүргізу қажет. Жоғары оқу орындарында, колледждерде мыңдаған жас білім алып жатыр. Оларға дұрыс бағыт беру керек,-деді Б. Сапарбаев.

Өңірде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жұмыссыздар мен өзін өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетудің белсенді шараларына тарту және халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен толық қамту үшін облыс тұрғындарының әлеуметтік мәртебесін анықтаудың үлкен жұмыстары жүргізілді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 7,5 мың азамат қамтылды,-деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуды қарастырады, шағын несиелеу және жобалар бойынша кепілдеме беру түрінде қолдау көрсетілуде. Оны жүзеге асыру үшін 4,8 млрд-тан аса  теңге берілді.

- Бастысы – өзін өзі қамтығандардың барлығын есепке алу. Бағдарлама аясында несиелеу және кәсіпкерлікке үйрету нәтижелі болуы тиіс. Бағдарламаға қатысушылардың қаржылай қолдау алған соң қандай жобаларды ашқанын және олардың қаншалықты тиімді екенін қадағалау қажет.  Сондай-ақ, әрбір елді мекендердегі кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен динамикасы бойынша несеиелеу көлемін сараптау қажет,- деді облыс әкімі.  

Өңірде президент тапсырмасына сәйкес халыққа сапалы фармацевтикалық қызмет көрсету, дәрілік заттардың бағасын бақылау, медициналық бұйымдар мен құрал-жабдықтардың тиімді айналымына  қатысты шаралар күшейтілмек.

- Дәрі-дәрмек бағасын қоғамдық бақылау жұмыстарын жалғастыру қажет. Қыркүйек айының соңына дейін бағалары зерттеліп, сараптама жүргізілуі тиіс. Антимонополиялық комитет департаменті дәріханадағы дәрі орамының түпкілікті бағасының қалай қойылатынын анықтауы тиіс.  Бақылау қатаң болу қажет, бұл – мемлекет басшысының тапсырмасы және халық үшін маңызды мәселе,-деп атап өткен Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ, өңірдегі фармакологиялық өндірістің дамуы бойынша шараларды қолдануды тапсырды.

Бұдан өзге, Б.Сапарбаев облыстағы барлық емдеу-алдын алу мекемелері мен медициналық кабинеттерде тұрып қалған құрал-жабдықтардың бар-жоғын тексеріп, оларды тиімді айналымға енгізу шараларын қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі банктерді несие алу кезінде бюрократтық сөзбұйдаға салып, несиелік мөлшерлемені төмендетпегендері үшін сынға алды.

- Республика бойынша несиелік мөлшерлеме 0,25% төмендеген. Сіздің несиелік мөлшерлемеңіз де төмендеуі тиіс. Басты банктеріңізбен жұмыс жасаңыздар. Сіздер мемлекеттік бағдарламаның ақшасы есебінен қосымша несиелік қормен қамтамасыз етілдіңіздер,-деді өңір басшысы екінші деңгейлі банк басшыларына қарата айтқан сөзінде.

- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін азаматтық қоғам мен билік бірлесіп жұмыс істеулері қажет. Біз күш біріктіре отырып президент белгілеген үшінші жаңғырудың негізгі басымдықтарының тиімді іске асуын қамтамасыз ете аламыз. Оларды жүзеге асыру Қазақстанды әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына енуіне мүмкіндік береді, ал бұл әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсартады деген сөз,-деп сөзін түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

 

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі