Б. Сапарбаев Біз біргеміз акциясы

You are here

Биыл еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлайды. Қазақ елі үшін қасиетті және ең ұлық мерекені атап өту шаралары қазір республика бойынша қолға алынды. Бүгін Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы да ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған шаралардың бірі болды.  Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауды мақсат еткен акция өңірде 15-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. 15 жылда үш мыңнан астам мүгедек жанның өмірге бейімделуіне, өзін-өзі тануына көмектескен шараның маңызы зор.

"Біз біргеміз" акциясын Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдықан азаматтарды қолдау орталығы ұзақ жылдардан бері облыстық әкімдікпен бірге өткізіп келеді. Бұл шараға жыл сайын мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер, меценаттар, еріктілер және мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылады. Биыл бұл акция ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр.  Оған 25 жылда мемлекеттілігіміздің қалыптасуына өз үлестерін қосқан, еңбек еткен, өздерін қоғамның белсенді мүшесі санайтын 150 мүгедек жан қатысты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ , АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Белсенді азаматтық ұстанымы үшін "Тәуелсіздік құрдастары" номинациясы бойынша 15 мүгедек бала облыс әкімінің қолынан алғыс хат және ақшалай сыйақы алды.  Мүгедектер қоғамының бірқатар белсенді мүшелері және мүмкіндігі шектеулі ата-аналар  «Менің қолымнан бәрі келеді», «Өз ісінің шебері» және «Жаныңда жүр жақсы адам» номинациялары бойынша марапатталды.  Ал 8 меценат-кәсіпкер "Қайырымдылық көрсету мәдениетін дамыту" номинациясы бойынша мүгедек адамдардың әлеуметтік жобаларын қолдағандары үшін алғысқа лайық болды.

АНЕЛИНА ІЗТІЛЕЕВА 

Екі мыңыншы жылдан бері қарай өтіп келе жатқан акция аясында үш мыңнан астам мүгедек жан "біз біргеміз" деген ұранға үн қосты. Олардың қоғамдық өмірге, спорт саласына, шығармашылыққа қосқан үлестері елеусіз қалмады. Айта кету керек, "Біз біргеміз" акциясы Ақтөбенің нағыз брендіне, шаһардың атын шығаратын жобаға айналды.  

ГҮЛМИРАМ СРАЖОВА,  "САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН АЗАМАТТАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Мерекелік шара барысында, белгілі кәсіпкерлер ірі кәсіпорындардың басшылары өздерінің 3 әлеуметтік жобаға қолдау көрсететіндіктерін айтты. Өз кезегінде Сал аурына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының директоры Құралай Бәйменова алғысын білдіріп, қолдау көрсеткен жандарды марапаттады.  Осы жолы қазақ эстрадасының жұлдыздары, танымал топтары "Музарттың", "НұрМұқасанның" және Ақылбек Жеменейдің өнер көрсеткені мереке қонақтары үшін үлкен тосын сый болды.

Қосылды: 
12.02.2016 - 14:44
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 15:49

Жаңалықтар таспасы