Б. Сапарбаев БҰҰ Норимаса Шимомура,Әлихан Бәйменов кездесті

You are here

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Біріккен ұлттар ұйымының тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомурамен және Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменовпен кездесті. Кездесу барысында облыстың экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту  және инвесторлардың қоршаған ортаға қатысты ел заңнамаларын орындауы туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар, соңғы жылдары мемлекеттік қызмет саласын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жөнінде әңгіме өрбіді.

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі, даму бағдарламаларының тұрақты өкілі Норимаса Шимомурамен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе өңірінің жағрафиялық және экономикалық ерекшеліктерін атап өтті. Сондай-ақ, экономика саласында біздің аймақтың ұйыммен бірлескен бірқатар жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Әсіресе, инвестиция тарту, экологиялық ахуалды жақсарту, энергия үнемдеу бағытындағы жұмыстарға қолдау болатынын айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Нормаса Шимомураның БҰҰ тұрақты үйлестіруші қызметіне тағайындалғанына 4 айдан. Осы уақыт аралығында еліміздің Астана, Алматы қалаларында бірнеше жобалардың жасақталып, іске асыруға мүмкіндік болғанын айтады. Ал, ел аймақтарының арасында бұған дейін, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Семей қалаларында жүзеге асқан жобалар секілді, Ақтөбеде де маңызды істер атқаруға ниетті екенін айтып өтті.

НОРИМАСА ШИМОМУРА, БҰҰ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

Бұған дейін БҰҰ тарапынан ұсынған жобалар - бірнеше саланы қамтыған еді. Мәселен оның ішінде, денсаулықсақтау, мәдениетті дамыту болды. Енді, Ақтөбенің өзіндік ерекшелігін ескерерліктей жоба жасақтаймыз. Әсіресе, қаланың Қазақстандағы агломерациялық аймақтардың бірі екені ескерілетін болады. 

БҰҰ-ның биыл біздің елде төрт жобаны іске асырмақ. Оның бірі облыс көлеміндегі Қарғалы су қоймасын жаңғыртуға арналады. Бұл үшін халықаралық банктердің бірі қаржы бөлмек. Ал, әлемнің 25 еліндегі стандартқа сай мемлекеттік қызметті дамыту жайы да сөз болды.

ӘЛИХАН БӘЙМЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ХАБТЫҢ БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ

БҰҰ - ның тұрақты үйлестірушісі және мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасымен кездескен облыс әкімі, бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асытынына сенім білдірді. Ал, нақты жобаларды іске асыруға орай, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

 

 

 

Жаңалықтар таспасы