Б. Сапарбаев Дару клиникасы Гүлшара Әбдіқалықова

Ақтөбедегі "Дару" медициналық оңалту орталығы 3 жыл ішінде 9000 мыңға жуық адамның тірек қимыл жүйесін емдеген. Медицина мекемесінде әсіресе балалар мен жасөспірімдер денсаулығына ерекше көңіл бөлінген. Еліміздің батыс аймағында орналасқан ірі, заманауи емхананың жұмысымен бүгін мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова танысты.

Дару клиникасында ересектер мен балаларға арналған қайта қалпына келтіру терапиясы жүргізіледі. Шет елдерден әкелінген заманауи құрылғыларды озық тәжірибелі мамандар меңгерген. Мемлекеттік хатшы оңалту орталығының жұмысымен танысты.  Ал медициналық мекеменің үш жыл ішінде жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтып берді.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тірек қимыл жүйесі бұзылған науқас мұнда жаттығу залдарына барады. Стационарда  медициналық көмекке зәру тұрғындар үшін тегін кепілді қызмет көрсету де қарастырылған. Немістің емдеу-диагностикалық аппараты омыртқа, буын жарақатын алған пациенттер мен отадан шыққан адамдарды оңалту кезінде қолданылады. Бұл құрал науқастың жасына, жынысына, қойылған диагнозына қарай арнайы бағдарлама арқылы жеке-дара ем қабылдауына мүмкіндік береді. қазір өңірде осындай заманауи орталықтардың қатарын көбейту көзделіп отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Биылдан бастап, "Дару" медициналық оңалту орталығы мемлекет пен жеке меншік серіктестігі негізінде жұмыс жасайды. 

 

Қосылды: 
27.01.2016 - 11:49
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 09:56